ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

МЕДИА ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

21:07, 1 қазан 2019

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістанда салынып жатқан медиа орталықтың құрылысымен танысты.

Қасиетті шаһардың ажарын ашатын «Алатау медиа» орталығы айналасы бір жылдың ішінде еңсе тіктеп, қолына қалам ұстаған қауымды қуантып отыр. Жобаның эскизімен және нысанның құрылысымен жіті танысқан Бақытжан Сағынтаев нысанның эскиздік жобасына оң бағасын берді.  Заманауи орталықта соңғы үлгідегі жабдықтар орнатылмақ. Смарт аппараттар мен техникаларды Алматы қаласы тарту етеді. Медиа орталықта 200-ден астам журналист жұмыс істейді. Оның ішінде облыстағы газеттер мен телеарналар да бар. Бірнеше республикалық арналардың тілшілік қосыны да осында ашылмақ. Жауаптылардың сөзінше, тілшілерді бір жерге тоғыстырған орталықтың құрылысы 15 қазанда аяқталады.  

Г. Қалмырзақызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...