ШҰҒЫЛ! БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ЖАСӨСПІРІМ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ДА МЕДИАЦИЯНЫҢ КӨМЕГІН ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

17:54, 11 шілде 2019

Әлеуметтік даудың бәрі тек медиатордың көмегімен шешілуі керек! Осы мақсатта енді денсаулық саласының мамандары да медиаторлықтың арнайы курсын оқитын болады. Ондағы мақсат- сотқа дейінгі кіші дауларды екі жақты келісім аясында шешіп, азаматтардың босқа сабылуын азайту.

2017 жылдан бері медиацияның тәртібі бойынша елімізде көптеген мемлекеттік қызметкерлер арнайы курстан өткен. Алайда, оның тек 32 маманы ғана кәсіби медиатор болуға ниет білдіріпті. Бүгінге дейін  сот, прокуратура мен полиция қызметінде кеңінен қолданылған медиация тәртібін енді денсаулық саласына енгізу ісі қолға алынды.

Айгүл Муятдинова – Денсаулық сақтау кадрларының дипломнан кейінгі білім беру академиясының ректоры

-Медиация институтын дамыту мен оны кеңінен насихаттау, өңірде медиация саласының жұмысын жұйелендіріп, ел бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуда медиация тетігін пайдалану арқылы іске асыру.

Бұл семинарға Шымкент қаласына қарасты барлық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Алдағы уақытта әрбір аурухана мен емханадан татуласу алаңдары ашылатын болады.

Дана Кенжеқұлова -  сарапшы -медиатор

-Бүгінгі таңда осының бір саласы ретінде денсаулық сақтау басқармалары яғни оларға қарасты ауруханалар мен мекемелерде медиация кабинетін не татуласу алаңын ашу көзделіп отыр. Оның бірден бір себебі дау тууы ықтимал әлеуметтік орындар қатарына жатады. Пациент, дәрігерлер арасындағы дау бар.осы дауларды реттеу үшін. Мақсат істі сотқа жеткізбеу.

 Семинардан кейін ерікті ақ халаттылар медиацияның арнайы курсынан өтетін болады. Олар, өз мекемелеріне қарасты кез-келген даудың бейбіт жолмен шешілуіне тікелей жауапты болмақ.

Р. Бақытжанқызы                                                                               

Тақырып бойынша материалдар

ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН  ҚАПТАЛУДА
16:49, 2 маусым 2020
ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН ҚАПТАЛУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
13:20, 1 маусым 2020
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
Толығырақ...