ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА ТЫҢ СЕРПІН

15:43, 5 қыркүйек 2019

Әр адам міндетті түрде бір емханада тіркелуі қажет. Сонда ғана сапалы медициналық қызмет алу құқығын пайдалана алады. Осылай деген Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев алғаш рет журналистер арасында семинар-тренинг өткізді. «БАҚ үшін медициналық сақтандыру» жиынында қалам ұстаған қауым медицина саласындағы жаңашылдықтармен танысты.

Жиын барысында төртінші билік өкілдерінің медициналық сауатын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, медициналық көмек пен келер жиылдан бастап енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпарат берілді.

АСХАН БАЙДУВАЛИЕВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

2020 жылдың 1 қаңтарынан елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Жаңашылдыққа орай  тұрғындарға екі түрлі медициналық пакет бойынша қызмет көрсетіледі. Яғни, келер жылы кепілдендірілген медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүреді. Бұл жоба азаматтардың арнайы шотына жиналған қаржы есебінен іске асады. Ал кепілдендірілген көмекті мемлекет қаржыландыратын болады.

 АСХАН БАЙДУВАЛИЕВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Жоба қордаланған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. 

Д.Өмірзақова                                                                              

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...