ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

МЕДИЦИНА ТІРЕКТЕРІ АШЫЛДЫ

17:57, 11 қаңтар 2019

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында орталықтан шалғай жатқан 4 ауылға медициналық пункт салынды. Осының арқасында енді бұл ауылдың тұрғындары ауырып қалған баласын арқалап, ересегін жетектеп бұрынғыдай орталыққа сабылмайтын болды. Жаңадан ашылған емдеу орындарында науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге толық жағдай жасалып отыр.

Медициналық пункт бес бөлмелі. Ауру түрі мен оған жасалатын емдік шаралар үшін арнайы  бөлмелер  жабдықталған. Мұнда бір дәрігер мен медбике жұмыс істейді.

 ЖАДЫРА СҮЛЕЙМЕНОВА АУЫЛДЫҚ ДӘРІГЕРЛІК ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

 Бір дәрігер отырғызамыз. Олар келген науқастарды өздері көріп, ем дом жасайды. Науқастарға үш мезгіл  салынатын уколдар болады. Ол да бізге қиындық туғызатын еді. Осы жерде мейірбике укол салады. Балаларға егу жұмысын жүргіземіз. Акушерлік көмек  көрсетеміз әйелдерге   

   «Таскескенде» бүгінгі таңда 1 мың 500-дей тұрғын бар. Емдеу орны ашыла салысымен дәрігерлерден  дертіне дауа іздеп келгеннің бірі Жолдас болды. 4 жылдан бері  дәрігерлік есепте тұрады. Жасы ұлғайғалы қан қысымы көтеріліп, жиі мазалайтын болған.

 ЖОЛДАС ӘДІЛОВ ТАСКЕСКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Ауылға емхана салынып,  қуанып отырмыз. Ұзақ жолымыз қысқарды. Жақын жер. Үйден шығып, жаяу келіп еміңді, дәрілеріңді алып кете бересің.

         Былтыр Сарыағаштағы 13 ауылда тап осындай медицина тірегі ашылды. Сондай-ақ жүрек қан тамырлары дертін ауыздықтау мақсатында инсульт орталығы  жасақталды. Дәргірлердің біліктілік тәжірибелері арттырылды. Осындай кешенді жұмыстар нәтижесінде кейінгі кездері белең алып  кеткен ауру түрлеріне  шалдығатындар саны азайды.

 БАҚЫТ МЫРЗАЛИЕВ САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІ

         Бала өлімі өткен жылмен салыстырғанда 1,2 промильге  азайды. Қетерлі  ісік көрсеткішіміз де бір деңгейде, туберкулез 2 есеге азайды. Сонымен қатар жүрекқан тамырлары ауруы да өз деңгейінде.  

         Сарыағашта медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін биыл тағы 12 медицналық тірек, 8 фельдшерлік акушерлік пункт пен  2  дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Бейінді мамандықтағы дәрігерлер тапшылығын болдырмау мақсатында орталық емханада осы мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру ісі қолға алынды.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
12:41, 17 маусым 2019
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:30, 17 маусым 2019
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар