ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ КАССАЛАР ЖАБЫЛЫП ЖАТЫР

19:38, 9 қаңтар 2020

Елімізде жаңа жылдан бастап денсаулық сақтау саласы жаңа жүйе бойынша жұмыс істей бастады. Ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, деп аталады. Бұл бағдарлама аталған салада қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Жаңа жүйемен жұмыс істеп жатқан медицина нысандарының тыныс-тіршілігімен танысу үшін облысымызға денсаулық сақтау вице- министрі арнайы келді.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиникалық диагностикалық орталығында 430  қызметкер еңбек етеді. Дәрігерлер өткен жылы 65 мың  тұрғынға ем-дом жасаған. Осылайша  орталықтың қызмет көрсету ауқымы ұлғайып келеді.

Салтанат Рүстемова- Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиникалық диагностикалық орталығының бас дәрігері

Терапия, кардиология, нефралогия, лор, эндокринология бойынша инсульт орталығы жұмыс істейді. Мұндай 2-деңгейлі оталар жасалады.

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне еңбекке қабілетті яғни жұмыс істейтін азаматтар айлық жалақысынан 1,4 пайызын   аударып отырады. Бұл шамамен  3600 теңгені құрайды .

-Нұрмахан Кенжехан-тілші

Жаңа медициналық жүйеде  ақылы қызмет түрі деген болмайды. Бұрынғыдай рентгенге түскенде қосымша ақы алынбайды. Мына мекемедегі касса қазір толық жабылған. Ендеше бұл мекемеде қызмет міндетті медициналық сақтандыру бойынша жүргізіледі.

 Елімізде 18 млн тұрғын болса соның 11 млн-ға жуығы мемлекет есебінен тегін емделеді. Ол үшін үкімет биылға 998 млрд теңге қаржы бөліп отыр. Бұлар 15 санатқа кіретін әлеуметтік топ. Атап айтқанда зейнеткерлер мен мектеп оқушылары, студенттер, бала күту демалысындағы және көпбалалы әйелдер және 1-2-3-топтағы мүгедектер сақтандыру қорына қаржы аудармайды.

 Айбатыр Жұмағұлов – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы

Қор тарапынан  жекеменшік немесе  мемлекеттік медициналық мекемелер деп бөлмейміз.бүгінгі таңда елімізде 60 пайыз медициналық мекемелер бұл жекеменшік. Біз осы жекеменшік компаниялардың сапалы қызмет көрсетуіне жол ашамыз.

Бүгінгі күні қызмет сапасы бірден артып кетті деуге ерте. Дегенмен дәрігерлер сапалы әрі жылдам қызмет көрсетудің тиімді де табысты боларын жіті түсініп отыр. Қазіргі таңда емханада кезек күткен қарбалас байқалмайды. Дәрігерлер жаңа жүйе жұмысқа жаңа серпін берер,- деп  сенеді...

Н.Кенжехан                   

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
19:50, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:33, 10 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар