ШҰҒЫЛ! МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ. Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ПАКЕТТЕРІНІҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ БЕКІТІЛДІ

12:25, 16 шілде 2019

2020 жылдан бастап қазақстандағы әрбір азамат тегін медициналық көмекке қол жеткізе алады. Ол үшін кепілдендірілген тегін көмек және медициналық сақтандыру пакеттерінің жаңа нұсқасы бекітілді. Осы жүйені түсіндіру мақсатында арнайы баспасөз жиыны өтті.

Елімізде келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек атты екі пакет енгізіледі. Бұдан былай  тегін медициналық көмек пакеті минималды стандарттардан тұрады. Шұғыл көмекке зәру азаматтарға медициналық көмек көрсету, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу көмектерін бұрынғыдай тегін аласыз. Ал,  сақтандыру пакеті науқастың өмірін сақтандырады.

Найля Кийкбаева - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары

Ол пакеттерге шұғыл медициналық көмек, алғашқы санитариялық көмек, созылмалы инфекциялық емес аурулар, консультативтік-диагностикалық көмек кіреді. Оны Қазақстанның  барлық азаматтары ала алады.

 Бүгінгі қазақстандық медициналық жүйеде ем-шараға әрбір азамат қалтасынан шамамен 40 % қаржы шығарады. Ал, әлемдік тәжірибеде бұл көрсеткіш 20 пайыздан аспауы керек. Осы олқылықтың орнын медициналық сақтандыру жүйесі толтыратын болады. Нәтижесінде дәрігерлердің жүктемесі азайып, жалақысы артады.

 Асхан Байдувалиев - Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы

-Шымкенттегі медициналық ұйымдарда маусым айынан бастап 14 382 қызметкердің жалақысы 30 пайызға артқан. Атап айтқанда, ешқандай санаты жоқ медбикенің жалақысы 94 095 теңгеден 122 323 теңгеге дейін өсіп отыр. Ал ең жоғарғы санаты бар дәрігерлер 159 271 теңге жалақы алады.

Шымкентте 35 медициналық ұйым болса, оның 14 мемлекеттік. Қараша айында "Қайтпас-1" шағынауданындағы жаңа емхана ал, 2020 жылы 1000 орындық аурухана ел игілігіне пайдалануға беріледі. Мұнымен қоса, жедел жәрдемнің сапасы артатын болады. Ол үшін мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында «Мейдей Қазақстан» түрік компаниясы 100 жедел медициналық жәрдем көлігін алатын болады.

Р. Бақытжанқызы                                                                               

Тақырып бойынша материалдар

ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНДІ
18:10, 21 қаңтар 2020
ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
18:08, 21 қаңтар 2020
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...