ШҰҒЫЛ! ӘКІМ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ,ТҰРАНҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ Толығырақ

МЕГАПОЛИС ӘКІМІ ЕЛ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

18:23, 14 ақпан 2020

Мегаполисте алдағы 3 жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 15 жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылады. Бизнестің жол картасы және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 300 жобаға қолдау көрсетілмек. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов халық алдында берген есебінде баяндады. Шаһар басшысының айтуынша, осы жылдан бастап, Шымкент сити, Тұран шағынаудандарында тұрғынүй құрылысы қарқын алмақ.

Әкім халыққа есеп береді дегенді естіп, Түркістан сарайына ағылған ағайынның қарасы ақалың. Бәрінің мақсат-мүддесі біреу – ол Шымшаһардың көркеюіне қатысты.ал осы бағытта қалада қолға алынған жобалар да ауқымды.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Ашық алаңға айналған есепті кездесуде сұрақ қоюшыға ешқандай шектеу болған жоқ. Ашықтықты қамтамасыз еткен әкімге бағытталған сауалдардың дегі әлеуметтік мәселеге байланысты. Бірі елдімекенге су тартуды сұраса, бірі екі ауылды жалғаған көпірді қайта жаңғыртуды талап етті.

Шымкент қаласының тұрғыны

Жиында көтерілген мәселелер кейінге шегерілген жоқ. Қала әкімі әр салаға қатысты тиісті басқарма басшыларын жеке тұрғызып, сол мезетте жауап беруін қамтамасыз етті. Сондай-ақ, аудан әкімдеріне барлық тұрғынүй аулаларын балалар алаңшасымен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды. Биыл мегаполисте мәдени іс-шаралардың саны артпақ. Оған «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылнамасы сеп болып тұр. Қалада қолға алынатын құрылыс, шаһарды гүлдендіру ісі де осы шараға орайластырылмақ.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Шымкент бір ғана қала тұрғындары мен шаһар билігінің емес, Елбасы мен ел Президентінің жіті бақылауында. Соңғы 1 жылдың өзінде едуір көрсеткішке қол жеткізген мегаполис алдағы 3 жылда адам танымастай болып өзгермек. Оған мемлекеттік қолдау мен жергілікті халықтың күш-жігері жетеғабыл.

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...
ШАҚПАҚТЫҚ ЖАСТАР ШАТАҚ ІСКЕ МҮЛДЕМ ЖОҚ
15:10, 17 ақпан 2020
ШАҚПАҚТЫҚ ЖАСТАР ШАТАҚ ІСКЕ МҮЛДЕМ ЖОҚ
Толығырақ...