ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

МЕЙІРБИКЕЛЕР МАРАПАТ АЛЫП, МАРҚАЙДЫ

18:22, 13 мамыр 2019

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні. Айтулы дата қарсаңында Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің орта буынды медицина қызметкерлері алғысқа бөленді. Мекеме басшылығы денсаулық сақтау саласының дамуына өзіндік үлесін қосып, адал еңбек еткен мейірбикелерге медаль тақты. Тағы бірқатарын алғыс хатпен марапаттады.

Ұжым әкімшілігі қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жіті назарда ұстап отырады. Диспансер басшылығы мерекеге орай 127 мейірбикеге 50 мың теңгеден сыйақы тағайындады. Тағы алты ақ халаттыға табиғаты тамаша Бурабай шипажайына демалуға жолдама сыйлады.

Болатхан Сағымбеков - Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері

Бір ғасырдан астам тарихы бар аталған мереке  бүгінде елімізде  кеңінен тойлануда.  Мейірбикелердің – медицина саласында алар орны бөлек.  Қай кезде де соғыста, түрлі апаттарда, төтенше жағдайларда халыққа алғашқы медициналық көмек беріп,  өмірін аашалап қалатын осы мейіргерлер. Сіздер 70-80 пайыз уақыттарыңызды науқастарға бөліп, оларға қамқорлық пен мейірімдеріңізді аямаймыздар. Біз сіздердің адал қызметтеріңізді бағалаймыз

Мерекелік шара барысында қызметкерлер өзара спорттық сайысқа түсіп, кіл мықтыны анықтады. Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстық туберкулезге қарсы диспансерде 380-ге жуық орта буынды медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың 77,5 пайызы түрлі санаттарға ие. Диспансерде 7 терапия бөлімі, хирургия, жансақтау, балалар және жасөспірімдер бөлімі жұмыс істейді.

Г. Қалмырзақызы                                  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...