ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Толығырақ

МЕЙІРГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

12:49, 15 мамыр 2019

Халықаралық мейіргерлер мерекесіне орай денсаулық сақтау ісіне өзіндік үлесін қосып жүрген ақ халатты денсаулық сақшыларының еңбегі еленді. Түркістанда өткен салтанатты шарада саланың үздіктері марапатқа ие болды.

Алдымен мейірбикелер мерекесінің шығу тарихына  көз жүгіртсек. Англия елінің азаматшасы Флоренс Найтингейлдің туылған күні-12 мамыр Ол Қырым соғысында медбикелердің басын қосып, әлемдегі алғашқы медициналық көмек қызметін ашқан жан. Соғыста жараланған жауынгерлерге көмек көрсеткен. Міне соның құрметіне осы датада мейіргерлер мерекесі аталып келеді. Ал біздің елде бұл мейрам 1998 жылдан бері дәстүрлі түрде тойлануда.

Мұқан Егізбаев – Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Күні түні ауруға қарау. Ауыр халдегі ауруға көмек көрсету ол өте қиын зат. Соның барлығын абыроймен атқарып жүрген сіздерге алғысымыз шексіз. Бізден медецина қызметкерлеріне керегі адал қызмет істеу. Беріліп жатқан қаржыларды үнепдеп, облыс тұрғындарына сапалы қызмет көрсету. Сіздерді тағыда мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі таңда өңірімізде 42 медициналық ұйым бар. Онда 17 мыңға жуық ақ халаттылар жұмыс істейді. Мейіргерлердің мерейін үстем қылған шарада 100 мейірбикеге облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың және облыстық денсаулық сақтау басқармасының атынан марапаттау қағаздары табысталды. Адам жанының арашасы болған мейірімді жандардың төккен тері мен еткен еңбегі еленді.

Динара Каракулова - Ленгір қалалық емханасының бас медбикесі

Біз дәрігерменен теңдейміз. Барлық науқастармен теңдей жұмыс жасаймыз. Қазір 80пайыз жұмыс мейіргелердің жұмысығой. Дәрігерлер диагнозын қойып берсе қалған іс-шара, ем-шараныңбарлығы осы мейіргерлердің арқасында болып жатқан нәрсе. Бүкіл мейіргерлерді мерекесімен құттықтаймын. Дендеріне саулық еңбектеріне табыс тілеймін. Ол кісілердің ақ халаттарына ешқашан дақ түспесін. Халықтың қамын ойлап жүре берсін.

 Сондай ақ жиында  кәсіби мерекеге орай облысымыздың ең үздік мейіргер, акушер және фельдшерлері анықталды. Номинация иегерлеріне бағалы сыйлықтар мен еліміздің оңалту-сауықтыру кешендеріне жолдама берілді. Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

О.Қасымбеков                                                                              

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР  АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
16:34, 16 тамыз 2019
ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...