ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

МЕЙІРІМГЕ БАСТАЙТЫН МЕРЕКЕ

16:56, 15 наурыз 2019

Ұлыстың ұлы күні тек ұлттық құндылықтарды дәріптеумен шектелмейді. Наурыз - мейірім мен ізгілікке толы мереке. Министрліктің тапсырмасына сәйкес, облыстағы барлық мәдени орталықтары қайырымдылық шарасын қолға алды.

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлері, Көмекші мектеп- интернаты оқушыларына барып, тәтті сыйлықтар үлестірді. Аталған білім орталығында 200-ге жуық бала тәрбиеленеді. Олардың барлығы ерекше күтімді қажет етеді. Қойылым бойынша Қыдыр атаның қолынан арнайы алған сый-сыяпатқа балғындар мәз мейрам болды. Келген қонақтарға алғысын білдіріп, өз өнерлерін ортаға салды. Ұлттық мереке қарсаңында тек балаларға базарлық жасаумен шектелген жоқ. Мұражай қызметкерлері тұрмысы төмен отбасылармен арнайы кездесіп, азық-түліктерді таратып берді. 

 Нұрболат Ахметжанов  – «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры

Кішкентай кезімізде осындай сыйлықтар алғанда, соны күтетінбіз. Кімде қандай алма екен, кімді үлкен екен деп.О сені үлкен, әдемі екен деген сияқты. Бұл өте қызықты. Баланың есінде қалады. Сондықтан болашақты тәрбиелеу үшін. Наруыз мерекесіне тарта білуіміз керек, олардың көңілін табуымыз керек.

А.Бидан                                         

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
20:21, 24 мамыр 2019
ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...