ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Толығырақ

МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

19:28, 9 шілде 2019

Елімізде биыл 143 089 түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге аяқ басты. Олардың 77 мыңы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Республика бойынша ең жоғарғы балды Қасымжан Жұбай жинады. Бүгінде жас түлек Сарыағаш аудандық әкімінің қабылдауында болып, алғыс хатпен марапатталды.

Қасымжан  Жұбай ҰБТ-дан 140 балл жинап,  алтын белгісін қорғап шықты. Ол  Сарыағаш ауданына қарасты Жаскешу ауылындағы №37 Б.Майлин атындағы орта мектептің түлегі. Тестілеуге дайындығын 9 сыныптан бастаған оқушы, бүгінде еңбегінің  жемісін көріп отыр. Анасының айтуы бойынша, Қасымжан таңғы 5-те тұрып, сабақтарына тыңғылықты дайындалған.   Бос уақытын да қалт жібермей, көптеген кітаптарды оқыды.

Енді талапкердің мақсаты Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне  оқуға түсу.  Сондай-ақ бұл күні жоғары балл жинаған түлектерді аудан әкімі марапаттап, сәттілік тіледі. Жалпы, аудан бойынша ҰБТ-ға  65 мектептен 1442 оқушы қатысты. Оның ішінде 260 оқушы 100 –ден жоғары балл алған.  Орта баллдың  көрсеткіші -75, 2  пайыз. Ал, шекті балл жинай алмай қалғандар үшін тамыз айында тағы да тестілеу ұйымдастырылады. Одан сүрінбей өткендер ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік алады.

 


 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ
18:48, 6 желтоқсан 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...