ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

17:59, 9 қазан 2019

Созақ ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов атындағы мектептің іргетасы қаланды. Бұйыртса Ақсүмбе ауылының балалары болашақта жаңа білім ошағында дәріс алатын болады. Тұлғаның 125 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға қатысқан елдің зиялы қауым өкілдері мен аға буын Қожановтың өнегелі өмірін өзгелерге үлгі етті.

Қоғам қайраткері Сұлтанбек  Қожанов туып-өскен Ақсүмбе ауылында жыл өткен сайын бала саны да артып келеді. Оның үстіне мұндағы мектеп ертерек салынған. Қажеттілікке байланысты енді ауылдан 100 орындық жаңа білім ұясы бой түзетін болады.

Салыхан Полатав - Созақ ауданының әкімі

Сұлтанбек Қожановтың ел үшін еткен еңбегі ерен. Әсіресе, еліміз «қырғыз-қазақ» аталып тұрған кезеңде «қазақ» атын қайта жаңғыртты. Ел астанасын Қызылорда қаласына ауыстыруға білек сыбана кірісті. Дегенмен, Түркістанды түркі жұртының бас қаласы ету басты арманы еді. Азамттың  игі істері ауыл тұрғындарының санасында сайрап тұр.

Сұлтанбай Жораев - Аксумбе ауылының тұрғыны

 «Ұлт тарихындағы жарқын тұлға». Осындай атаумен ер есімін ұлықтауға арналған шаралар бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырылды.

  Д .Өмірзақова                                                     

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...