ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

МЕКТЕПКЕ БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕ ЖОҚ

15:01, 11 ақпан 2019

Келес ауданында үш ауысымды және ғимараты апатты жағдайдағы мектептер түгелдей жойылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында былтыр аймақта 6 білім ұясының құрылысы басталып, оның төртеуі ел игілігіне берілді. Соның арқасында 4 мыңға тарта оқушы сәулетті сыныптардағы жаңа парталарға жайғасты.

 Апатты ғимаратта үш ауысыммен қысылып-қымтырылып отырып білім алған мына оқушылароқу жылының екінші жартысын қуанышпен бастады. Жаңа салынған мектептің құрылысы бітіп, қоңырау соғылды.  Қазақ-өзбек шекарасының бойындағы  алақандай ауылда қазір 357 бала сабаққа барып жүр.

      АЙЖАН НҰРШАТ 8 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

         Технология кабинеттері бар. Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек. Ағылшын тілін біз алдын кабинетте емес, сыныпта оқитын едік. Қазір бізде лингафонды кабинет бар. Онда әр оқушыға бір компьютерден бар. Және соның көмегімен тілді тез үйренеміз.

    Екі  қабатты зәулім мектептің құрылысына  820 миллион теңгеден астам  қазына қаржысы жұмсалды. Сәулетті сыныптар жаңа жиһаздармен және оқу құралдарымен жабдықталған. Балалар заманның талабына сай жаңартылған мазмұнда, электронды   жүйеде білім алмақ. 

         СНХ ЖОРАБЕК ТІЛЕКОВ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

         Бұл жерде 96 компьютер бар, 4 лингафонды, 2 мултимедиялық кабинет бар. Барлық санып бөлмелерінде  ақылды тақта бар. Проекторлар жұмыс істейді. Мұғалімдерге жағдай жасалынды.

         Келес ауданында халық саны жылдам өсіп келеді. Мектеп жасындағы балалар саны жыл сайын 1 жарым мың  балаға артады.  Әр жылы қосымша 50-60-қа дейін сынып қосылады. Осыны ескере отырып, ендігі жерде халық санына сай жаңадан мектептер салу ісі  қолға алынбақ.

        АҚМЕНТАЙ ЕСБАЕВ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

         Проблемалы мәселелерді шешу мақсатында қазір қосымша 4 жаңа  мектептің құрылысын салуды қажет етеді. Бүгінгі таңда ол мектептердің орналасатын жерін бекітіп бердік. Сәулет жоспарлау әзірленді. Енді жобалық сметалық қаржы қарастыруды алдағы сессияға жоспарлап отырмыз.

           Аудан аумағында бүгінгі таңда орта білім беретін 63 мектеп бар. Оның үштен бірінің ғимараты типтік үлгіге сай емес. Сондықтан биылғы жылы олардың қасынан қосымша ғимарттар салу жоспарланып отыр. Сонымен бірге оқулықтар, мен мектеп жабдығы,  оқу әдістемелік кешендер үшін қазынадан қосымша қаржы бөлінбек. 

Ғани Қалмаханов

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
18:22, 19 сәуір 2019
КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
16:55, 19 сәуір 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
16:54, 19 сәуір 2019
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
18:22, 19 сәуір 2019
КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
Толығырақ...