ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ

17:57, 16 шілде 2019

3 шілдеден бастап «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталып кетті. Енді, көмекке мұхтаж отбасынан шыққан балалар қажетті көмекпен барынша қамтылады. 2018-2019 оқу жылында облысқа 201 млн теңгеден астам қаржы материалдық көмекке жұмсалған. Бұл туралы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушысы

ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған қайырымдылық акциясы 30-шы  қыркүйекке дейін жалғасады. Акция негізінде 25509 балаға  тиісті көмек көрсетілді. Оның ішінде  3807 балаға бюджет қаражаты есебінен – 483 251 теңгеге бөлінсе,   қалған 21702 балаға бюджеттен тыс демеушілер қаражаты есебінен – 300 млн теңгеге жуық қаржыға   материалдық демеушілік жасаған.

Ардақ Садықова -  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту  басқармасы басшысының міндетін атқарушысы 

Былтыр осындай акция кезінде 25 мыңнан астам бала қамтылған болатын. Осы акция шеңберінде 2018-2019 оқу жылында 201 млн. теңге жиналып, балаларға заттай көмек көрсетілген болатын. Бұл акция ауқымды. Акцияға мұқтаж бабалардың тізімін қалыптастыра отырып, жүргізетін боламыз.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен тұрмысы төмен отбасындағы оқушыларға мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдары үлестіріледі. Ал,  Арыстағы апаттан зардап шеккен 4030 баланың 2200-і сауықтыру орындарына жіберілді. Оның ішінде 462 бала өңірдегі Түлкібас, Сарыағаш, Мақтаралдағы  демалыс аймақтарына орналастырылған. Қалғанына Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Тараз қаласына және өзге де 16 облысқа тегін жолдама берілді. Дәстүрлі өтетін акция 3 ай бойы жалғасады

М.ӘСЕМБЕК                                      

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
18:12, 27 қаңтар 2020
ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар