ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ ЖҮЙНЕКТЕ ЖАЛҒАСТЫ

11:56, 3 қыркүйек 2019

Республикалық «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр. Аталмыш акция аясында Жүйнек ауылында 30-ға жуық бүлдіршін мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Акцияны  ауыл тұрғындарының өздері ұйымдастырды. Олар ел болып сондағы тұрмысы төмен отбасы балаларын қатардан қалдырмауға тырысты. Айтып өтейік, Жүйнек ауылында 3 мектеп бар. қайырымдылық акциясы сол білім ошақтарының барлығын қамтыды. Алдымен сол білім ошақтарында білім алатын шәкірттердің жағдайына байланысты мәлімет жинақталған. Одан кейін қай отбасыға қандай көмек керек екендігі зерделеніпті. Ол жұмыстың барлығын жергілікті билік жүзеге асырған. Ауылдық округ өкілдерінің айтуынша ауылда мұндай қайырымды іс биыл бірінші рет қолға алыныпты. Соған қарамай ауыл тұрғындары тарапынан белсенділік жоғары болған.

 Жолдас Мырзабеков -Жүйнек ауыл округінің әкімі

Бұл «мектепке жол» Республикалық акция аясында біздің ауылдың 28 баласы қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл акцияны енді алдағы уақытта жиі-жиі ұйымдастырып отырамыз.

М. Жарылқасын                                                                   

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар