ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА ДӘРІГЕРЛЕР ДЕ АТСАЛЫСТЫ

18:25, 3 қыркүйек 2019

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Оған денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы да үлес қосты. Медицина саласында еңбек ететін әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 20-ға жуық балаларына мектепке қажетті керек-жарақтарын алып берді.

Қайырымдылық әр адамның қолынан келеді. Тек таза ниет болса жеткілікті. Міне осы қағиданы ұстанған денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы мен Түскістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп медицина қызметкерлерінің балаларына арнап дәстүрлі «мектепке жол» акциясын өткізді.

 Асхат Ақылбеков - «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ төрағасы 

-Қазіргі кезде медицинада қызмет етіп жатқан көп балалы жанұялар бар. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар бар. Сол тізімді жинап, Соларға көмек беріп жатырмыз. Әр отбасыдан бір-бір баладан алып, мектепке дайындап бердік.

Бүгінгі акцияға Шымкент қаласында жұмыс істейтін 19 қызметкердің балаларына мектепке қажетті заттар тарту етілді.

Анар Медетбаева – ата-ана 

-Алты бала-шағам бар. Осы жерде жұмыс істеймін Осы ұжымға рахмет балаларыма, мектепке керекті киімін, заттарын алып беріп отыр. Мың алғыс осы ұжымға.

Шара кезінде әрбір балаға керек-жарақтан бастап, мектеп формалары үлестірілді. «Мектепке жол» акциясы қыркүйек айының соңына дейін енді Түркістан облыстық денсаулық сақтау орындарында жалғасын таппақ.

Әлімжан Әлішер                                            

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...