ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

МЕКТЕПТЕР ДӘСТҮРЛІ ОҚУҒА КӨШЕ БАСТАДЫ

14:27, 13 қаңтар 2021

Шымкентте бітіруші сынып оқушыларының 92 пайызы офлайн режимге көшті. Осы арқылы жалпы мектеп жасындағы балалардың 52 пайызы мектеп қабырғасында білім алуда. Карантин кезінде білім ұялары балалардың денсаулығына қаншалықты қауіпсіз? Бұл сұрақтың жауабы тілші бейне материалында.

Оқу жылының 3-ші тоқсанын бітіруші сыныптармен бастаған білім ұясының бірі М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған  №8  гимназия. Мұндада сақтық шаралары қатаң. Балалар бетпердесіз сабаққа қатыса алмайды. Антисептик, қашықтық сақтақтау жалпы санитарлық шаралар басты назарда. Карантиннің қиындықтары болсада бір-бірімен қауышқанына мұғалімдерде оқушыларды қуанышты.

 

Дана Жүнісбекова  -М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған  №8 гимназияның мұғалімі 

Жаратылыстану пәні бойынша 70 пайыз бойынша біз күнделікті сабақты өтіп жатырмыз. Негізі онлайн режимнен офлайн режимге өткенімізге біз өте қатты қуаныштымыз. Алдымызда қорытынды аттестация және ҰБТ тұр оаған дайындық офлайн режимде әлде қайда тиімді.

 

Нұрым Әмірбекова  -  М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған  №8  гимназияның оқушысы

Оқушылар болып мектепке қайта оралғанымызға өте қуаныштымыз. Біріншіден мектепті сағынасың екіншіден алғашқы тоқсандарда мектепте болмағанымыз сезілді. Қазір тікелей қарым қатынаста тәлім алғанымыз тиімді

 

КСМ: Мегаполис  мектептерінде бітіруші сыныптар дәстүрлі оқу форматына көше  бастады. 3 - тоқсаннан бастап шаһарындағы 9-сыныптардың 91, ал 11- сыныптың 93 пайыз оқушысы мектепте білім алып жатыр.

 

Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

Шымкент қаласы үшінші тоқсанды 338167 тәрбиеленушімен бастады. Оның ішінде 1-5 9-11 ші сыныптар бар Жалпы кезекші сыныптармен қамтылғандар саны 52 пайызды құраса қашықтықтан 48 пайызды құрап отыр. Бастауыш сыныптардың пайзы 81 құраса бітіруші сыныптар 92 пайызды құрады.

 

Ал, бала саны 300-ден аспайтын 22 білім ошағында сабақтар қалыпты жағдайда оқытылуда. Өзге сынып оқушылары  үшін барлық мектептерде кезекші сыныптар ашылған. Бірақ бұл қалада ауру қаупінің азайғандығы аңғартпайды. Өйткені, соңғы  күндері Шымкентте ковид.-19 вирусын жұқтырғандар саны артып келеді.  Сондықтан, білім ошақтары санитарлық талаптарды қатты сақтай отырып білім беруге міндетті.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
18:38, 20 қаңтар 2021
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:35, 20 қаңтар 2021
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар