ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

МЕКТЕПТЕРДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ДАЯРЛЫҚ

15:38, 6 наурыз 2020

Мектептердегі терроризмге қарсы даярлық. Шымкенттегі Қ. Сыпатаев атындағы №7 мектеп - лицейінде лаңкестік қауіп төнген жағдайда қалай сақтану қажеттігін үйрететін тәжірибелік сабақ өтті. Оқушыларды замануи қала өмірінде болуы ықтимал оқыс жағдайларда аман қалу үшін зейінді, қырағы және байқағыш болуға шақырды.

 «URANKZ» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі – елдің күш құрылымдарының арнайы және жедел бөлімшелерінің ардагерлерінен құрылған ұйым. Олар бүгінгі шарада  білім алушыларға мектепте лаңкестік қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігін көрсетті. Жоғары деңгейдегі тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы бейнеролик ұсынды.

Ержан Ахметов – запастағы полковник

Теороризмді алдын алып төтенше жағдайларды алдын-алу мақсатында мектеп оқушыларына арнайы жаттығулармен видео сабақтар жүргіздік. Шараны  Ұран қоғамдық бірлестігімен бірге  Қауіпсіздік комтетінің қызметкерлері өткізді. Мұндай іс-шара тек  Шымкент қаласында емес, қазақстанның барлық облыстарында жүргізілетін болады.

Басқосуда оқушылар тренинг пен викториналық ойындарға белсенді қатысты. Өзара пікір алмасып, мамандармен ашық сұхбат өрбіді. Белсенділік танытқан қатысушыларға ардагерлер ұйымының атынан танымбелгісі бар естелік кәдесыйлар тарту етілді.

Азамат Таңжарық - Қ. Сыпатаев атындағы №7 мектеп – лицейінің оқушысы

Мұндай сабақтардың бізге берері көп. Мектебімізде осындай шаралар жиі ұйымдастырылады. Алдағы уақытта да түсіндірме жұмыстары жүргізілсе дейміз.

Айта кетейік, «URANKZ» жобаларының үйлестірушілері республиканың барлық өңірлерінде қайырымдылық акцияларын өткізетін болады.Оның ішінде тәжірибелік сабақтар, лаңкестікке қарсы дайындық бойынша мектептерде тренингтер бар. Әйелдердің өзін-өзі қорғау бойынша ЖОО-да шебер – сыныптар ұйымдастырылмақ.

Ә. Дәулетбекқызы           

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР  БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ
13:26, 1 маусым 2020
ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...