ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

МӘМ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ

18:58, 10 желтоқсан 2019

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өту- еліміз үшін өте маңызды реформа. Әлемнің барлық дамыған елдеріндегі медицина дәл осы жолмен өркендеуде. Сарапшылардың пайымдауынша, 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілгелі жатқан жаңа жүйе отандық медицинаны дамудың жаңа деңгейіне жетелемек.

Елімізде медицинаны қаржыландырудың қазіргі жағдайы халықтың сұранысын тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмай жатыр. Тегін медициналық көмекті қаржылық қамтамасыз ету тапшылығы тек 2017 жылдың өзінде 363 млрд теңгені құраған. Соның салдарынан бұл бағыттағы шығын денсаулық сақтаудың жалпы шығыстарының 42 пайызына жетті. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған шекті деңгейден екі есе жоғары. Осы жайт ескеріле отырып, халықты медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесі әзірленді.Жаңа жүйенің басты артықшылықтары - медициналық сақтандыру арқылы қарапайым тұрғындардың өз денсаулығына жұмсайтын шығындарының мөлшері 40 пайыздан 30 пайызға дейін азаяды.

Елжан Біртанов – ҚР Денсаулық сақтау министрі

-Елімізде денсаулық сақтауға жұмсалып жатқан шығынның 40 пайыздан астамын азаматтардың ондай мүмкіндіктері жоқ. Кейбір жағдайда жиған-тергені, бар ақшасы жетпей көлігін, тіпті басындағы жалғыз баспанасын да сатып емделеді. Ол да жетпейді кейде. Бұлай жалғаса берсе, еліміздің дамуына қауіп төнеді.

Мамандардың айтуынша, Медициналық сақтандыру жүйесіне көшу арқылы осы салаға бағытталатын қаржы 60 пайызға ұлғаяды. Яғни, бір жылдың өзінде еліміздегі медицина саласына қосымша 600 миллиард теңге құйылады деген сөз. Бұл отандық медицинаның жаңа сапалы деңгейде дамуына жағдай жасамақ.

Ә. Дәулетбекқызы          

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар