ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЫМКЕНТТЕ

19:22, 23 наурыз 2019

Үшінші мегополиске арнайы келген мемлекет басшысы Шымкенттегі «MEDIKER 4К» жеке медициналық орталыққа ат басын бұрды. Мемлекеттің-жекешілік әріптестігі бойынша бой тіктіген нысанның тынысымен танысты. Заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылған мекемеге оң бағасын берді.

Президент әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі.  Сондықтан болар елге қызмет етіп тұрған нысандарды аралау барысында  «MEDIKER 4К» жеке медициналық орталығына да  соқты.  Бұл компания мемлекетіміздің   денсаулық сақтау саласына сүбелі үлес қосып келе жатқан мекеме. Шымкентте ашылған орталық «MEDIKER 4К» жшс елімізде орналасқан  22-ші нысан. Мемлекет басшысы орталықты аралап жобаның бағдарымен танысты.

Орталықта инновациялық технологияларды жіті меңгерген  жоғары және бірінші біліктілік санатты дәрігерлер жұмыс істейді. MEDIKER компаниясы емдеу және оңалтуда кешенді тәсіл мен тиімді диагностиканы пайдаланады. Құжат айналымы да сандық технологиямен қамтылған.

Бақытжан Позилов – «MEDIKER 4К» медициналық орталығының  бас директоры

MEDIKER компаниясының жеке медициналық ақпараттық жүйесі (МАЖ) бар, ол компания тобының барлық медициналық орталықтарын бірыңғай сандық кеңістікке біріктіреді, бұл "мөлдір" құжат айналымын жүргізуге, ауру тарихын сақтап және мұрағаттауға мүмкіндік береді. Компания өзінің ақпараттық технологияларын үздіксіз жетілдіріп, дамытады.

Медициналық мекемеге оң бағасын берген   ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте ашылған алғашқы Арбатты да тамашалады. Мәдениет пен өнердің ұйтқысына айналып үлгерген  нысанның жай күйін аңдады. Орталыққа жиналған халықпен дидарласып көптің көзайымына айналды. Мемлекет басшысы Еліміздегі үшінші шаһар Шымкент тың жобалар мен игі бастамаларды жүзеге асыратын қала екендігіне көз жеткізді.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...