ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ САПАРЫ

19:45, 14 наурыз 2019

Кеше кешкісін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Сапар аясында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті.

Қос ел басшысы соңғы бір жыл ішінде бірнеше рет жүздескен. Президент Нұрсұлтан Назарбаев екеуара кездесулерде жасалған уағдаластықтардың өз жемісін беріп жатқанына тоқталды. Ал, Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян қазақ басшысының конфессияаралық келісімді дамытуға қосқан үлесін ерекше бағалаймын деді. 2019 жыл бұл елде толеранттылық жылы деп жарияланыпты. Осы орайда Қазақстаннан үйренеріміз көп деп отыр. Сондай-ақ биыл Біріккен Араб әмірліктері елдің негізін қалаған шейх Зайдтың 100 жылдығын атап өтті. Танымал тұлға көзі тірісінде Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше құрметтеген екен. Абу Дабидің тақ мұрагері «Қазақ Президентіне деген бұл құрметіміз әлі күнге дейін бір мысқал төмендеген жоқ» деді. Екіжақты кездесуден кейін Мемлекет басшысы Абу-Дабидің көрікті жерлерінің бірі шейх Зайд мешітіне келді. Танымал тұлғаның рухына тағзым етті. Сондай-ақ, мешіттің архитектурасымен танысып, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
16:57, 26 наурыз 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ
13:03, 23 наурыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАД...
Толығырақ...