ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР

11:56, 20 маусым 2019

Агро саладағы мемлекеттік қолдау шалғайдағы шаруалардың ісін ілгерілетіп тұр. Облысымызда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы тың жобаларды жүзеге асырған кәсіпкерлер көп. Солардың бірі Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округінде орналасқан жеке кәсіпкер «Мамбеталиева» шаруа қожалығы. Несиенің қандай тиімділігі болды?

«Мамбеталиева» жеке кәсіпкерлік нысаны былтырдан бері мал шаруашылығымен айналысуда. Кәсіпкердің иелігінде қорасы  4381 шаршы метр. Барлық талаптарға сай жабдықталған нысанның құрылысына 100 млн теңге жұмсалған. 2018 жылдың желтоқсан айында Аграрлық несие корпорациясынан 180 000 000 теңге несие рәсімдеді. Бұл қаржыға  1000 бас ірі қара мал сатып алып , бордақыға қойған.  

Файзулла Байдуллаев – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары

Өздеріңіз көріп тұрғандай бұл шаруашылық мемлекет қолдауын тиімді пайдаланып отыр. Қаржыландыру  жылдық 16% пайызбен берілген, оған 10% мемлекетен субсидия қарастырылған Желі мерзімі – 48 ай, ал несие мерзімі 12 ай.

Қызылқиядағы кәсіпкер Бақыт Мәмбеталиев ет өндірісіне белсене кірісіп кеткен. Ерте көктемде төл сатып алады. Оны семіртіп,  жаз бойы Өзбекстанға ет жөнелтеді. Өндірген өнімге деген сұраныс күн сайын артып келеді. Алғашқыда  қиындықтар болғанымен  қазір  кәсіптің бұл түріне машықтанып алыпты.

Бақыт Мәмбеталиев – жеке кәсіпкер

Облыстағы қожалықтардан етті тұқымды  6 айлық, 1 жасар өгізшелерді аламыз. Ірі қараны 3 айдан 7 айға дейін бағамыз. Әр қосылған салмаққа тағы субсидия бар. Одан кейін етті көрші Өзбекстанға өткіземіз. Алдағы уақытта Алматы, Нұр-Сұлтан нарығына өткізуді көздеп отырмыз. 

 «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы өңір шаруаларына тың серпін беріп отыр. 2018-ші жылы жалпы құны  20 млрд 585  млн  теңгеден асатын 900-дей жобаны қолдаған.  Алдағы уақытта ауылшаруашылығын қолдау жобалары жалғасатын болады.

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...