ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!! Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ СЫНАЛДЫ

17:29, 16 мамыр 2018

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы әлі де ширатуды қажет етеді. Әсіресе, шалғай аудандарда қызмет сапасы нашар. Өзекті мәселе «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы өткізген жиында талқыланды. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша өткен комиссия отырысында елдімекендерді кең жолақты интернетпен қамту жайы да қозғалды.

Облыс бойынша 34 Халыққа қызмет көрсету орталықтары бар. Жыл санап, қызмет сапасын арттыруға тырысқан бөлімдер былтыр 5 млн. 269 мың қызмет түрін көрсеткен. Оның 3 млн-нан астамы электрондық жүйеде жүзеге асқан.

Жандос Болат – «Азаматтарға арналған Үкімет» «ХҚКО» ОҚОФ директорының орынбасары

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ауқымды шаруалар атқарылуда. 1,2 топтағы мүгедектер үйде отырып, қызмет алуға болады. Ол үшін электрондық жүйе іске қосылған.

Орталық тарапынан атқарылған шаруалар ауқымды болғанымен, мұндай игіліктердің ауылдық жерлерге жете бермейтіні сөз болды. Сонымен қатар, шалғай аудандардағы филиалдардағы ахуал көңіл көншітпейді. Халық қалаулылары орталықтарға қатысты келіп түскен арыз-шағымдарды атап өтті. Бұл мәселелер өткен жылғы отырыстарда да айтылған. Алайда, шыққан нәтиже жоқ.  

Әділхан Исабаев – облыстық  мәслихат  депутаты

Бұл ЦОН дар ашылғалы біраз жыл болды. Қателіктерді айтып келе жатқанымызға да сонша жыл болды. Әрбір кездесуде 6 ай бір жылда реттейміз деп уәде береді. Алайда, олқылықтар баз-баяғы күйде қалып отыр.

Уәдені... уәде жалғады. Орталық директорының орынбасары жыл соңына дейін уақыт беруді сұрады. Кейінгі мәселеде... алыстағы ауылдарды кең жолақты желімен қамту жағы айтылды.  

Абзал Әлімқұлов – облыстық энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары

Жоба 177 елдімекенді жаңа жүйе бойынша жұмыс істейтін желімен қамтамасыз етеді. Жоғары жылдамдықтағы интернет бірінші Арыс, Түркістан қала-аудандарында жүзеге асатын болады.

Облысымыздағы 844 елдімекеннің 7-еуі желі өркениетінен қалыс қалған. Себебі, мұндағы тұрғындар саны 286 адамнан аспайды.  

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ШАҺАРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН, ТҰҢҒЫШ ЖИЫН
18:28, 17 тамыз 2018
РУХАНИ ШАҺАРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН, ТҰҢҒЫШ ЖИЫН
Толығырақ...
ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛЫЖАЙ САЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН КӨРСЕТПЕКШІ
14:54, 17 тамыз 2018
ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛЫЖАЙ САЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН КӨРСЕТПЕКШ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
14:44, 13 тамыз 2018
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
14:49, 15 тамыз 2018
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ ТҮЗЕЙДІ
18:16, 14 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ...
Толығырақ...