ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ

17:29, 9 қыркүйек 2019

Президенттік жастар кадр резервіне іріктелетін мамандарға қандай талап қойылады? «Арбат» демалыс аймағында ұйымдастырылған мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі осы сұраққа жауап іздеді. Азаматтардың электрондық сауаттылығын арттыруға бағытталған ігі шараға қала тұрғындары мен жастары қатысты.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған жәрмеңке жастарға жаңа серпін берді. Гүлсім Жаңабек 1-ші курс студенті. Өзінің электрондық сауаттылық деңгейінің  шамасын анықтап, тиісті мамандардан толық ақпарат алуға мүмкіндік алғанын айтады.   

 ГҮЛСІМ ЖАҢАБЕК – Шымкент қаласының тұрғыны

Мен өзім көп жағдайда электрондық қызметтерді пайдаланғым келеді. Бірақ көп түсіне бермеймін. Бүгін осы жәрмеңкеде өзіме қажетті мағлұмат алдым. Барша ұйымдастырушыларға рахмет айтам

Жәрмеңке барысында «Президенттік жастар кадр резервіне» үміткер болып табылатын барша азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған  35   жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қатыса алады. Іріктеу барынша ашық өткізіледі, еш қорқудың қажеті жоқ – дейді, сарапшы маман. 

СӘКЕН МӘЖІМБЕКОВ – М.Әуезов атындағы ОҚМУ тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры

біздің жастар тек қана жоғары жақта танысың болса ғана өтесің тесттен, жақсы таныс іздеп сенделіп кетеді. Ол қате пікір, қазір ондай заман артта қалды. Қазір тек өз біліміңе сенетін және мемлекеттің барлық берген мүмкіндігін пайдаланатын кез. Жастар білімді болса,мақсаттарына жетуге жол ашық.

Қала тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған шараның мақсаты айқын. Жиын соңы концерттік бағдарламамен ұласты.

М. Жорабай                                                                                          

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...