ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

17:44, 29 шілде 2020

Мемлекеттік қызметке орналасу талаптары айтарлықтай жеңілдеді. Қазір барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында өтетін ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктіріліп, мемлекеттік қызметке орналасу бойынша конкурс өткізу мерзімі 30%-ға қысқартылды. Сонымен қатар ауылдық округі әкімдері қызметінен кеткеннен кейін бір жыл ішінде «Б» корпусы лауазымдарына конкурсыз тағайындала алады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифингте айтылды.

Бүгінгі таңда облысымызда мемлекеттік қызметтен кету көрсеткіштері төмендеді. Дегенмен бұл салада бос қызмет орындары бар.

АЙБЕК ШІЛМАНОВ - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы 

Облыста қазіргі 6400-ден аса мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда. 440 бос орын бар. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында облыс бойынша 128 қызметші мемлекеттік қызмет жүйесінен кеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға төмендеген. Яғни мемлекеттік қызметтегі тұрақтылық бір қалыпты жүргізіліп жатыр.

Карантин тәртібіне байланысты облысымызда жергілікті атқарушы органдарда еңбек ететін азаматтардың  80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеп жатыр. Алайда агенттік қызмет сапасын жетілдіру мен қызметшілердің біліктілігін арттыру бағытындағы  жұмыстарды жалғастыруда.

АЙБЕК ШІЛМАНОВ - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы  

Әр өтінішті халықтың үні деп қабылдауымыз керек. Халық өзінің мұқтажын, болып жатқан мәселесін шеш алмағаннан кейін ғана мемлекеттік органға келеді. Біз бүкіл күш-жігерімізді салып сол мәселені шешуге бағыттауымыз керек.

Биыл мемлекеттік қызметшілер арасындағы әдеп нормаларын бұзу деректері  азайған. Былтыр  738 жағдай анықталса, биыл 662 оқиға тіркелген. Электронды қызметтерді пайдалану бойынша да өсім байқалады. Жарты жылда халыққа  6 млн-нан астам электронды қызмет көрсетілген.  Яғни қызметтің 92 пайызы электронды жүйеге көшкен.  

 

Р.Бектұрғанұлы                     

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...