ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Мемлекеттік қызметте дөрекілік танытқандар кімдер?

16:01, 10 тамыз 2017

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің кәсіби біліктілігі ғана емес, оның жүріс-тұрыс әдебі де ерекше назарда. Жыл басынан бері әдеп жөніндегі кеңесте 54 мәселе қаралған. Оның басым бөлігі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған. Елбасының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарына сай, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлап, тестілеуден өткізу жұмыстары да оң нәтижесін беріп отыр.

     Соңғы алты айда облысымызда мыңға тарта бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жарияланған. Оның тең жартысының бүгінде жеңімпазы белгілі.  Мықтылардың 200-і  меритократия принципі бойынша  билік сатысында жоғарылады.

     Қынжылтатын мәселе – біздің облыста электронды қызметті пайдалану жағы кенжелеп тұр. Мамандар «бұл жүйе сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алады» деген пайымда. Соған қарамастан, өңірімізде бүгінде бармақ басты, көз қысты әрекеттер біршама тыйылған.

     Әдеп жөніндегі уәкілдікке осы уақытқа дейін 10 арыз түсіп, тиісті жауаптар берілген. Шағымдардың дені - мемлекеттік қызметшілердің дөрекілігіне байланысты.  Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында  өңірлік департамент  арнайы семинарлар өткізуді қолға алған. Онда  халыққа сапалы әрі сыпайы қызмет көрсетудің жөн-жосығы түсіндіріледі.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
17:27, 16 желтоқсан 2017
Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
Толығырақ...
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
17:26, 16 желтоқсан 2017
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
Толығырақ...
Саябақ ашылып, мөлтекаудан  бой тіктеді
17:23, 16 желтоқсан 2017
Саябақ ашылып, мөлтекаудан бой тіктеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...