ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ

19:21, 16 қыркүйек 2020

«Мемлекеттік қызмет көрсету - еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші». Осылай деген Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында салаларды цифрландыру мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіруді тапсырған болатын. Бүгінде, Шымкент қаласы әкімдігімен 160 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Соның 132-сі электронды түрде қолжетімді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Шымкент - адалдық алаңы» жобасында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Мемлекеттік қызмет түрлерін электронды түрде көрсету деңгейі былтырғымен салыстырғанда 33 пайызға өскен. «Антикор лайф» жобасында тікелей эфирде сұхбат берген әкім «жыл соңына дейін тағы  28 қызмет онлайн қолжетімді болады» деп сендірді. Бұл үлкен жетістік. Заман ағымына ілескен азаматтардың саны да бұрнғыға қарағандай едәуір көп.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Тағы бір жағымды жаңалық. Биыл «Сәулет басқармасының геосервисі» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұрын жылжымайтын мүлікке нөмер алу үшін тұрғындар апталап уақты күтетін. Қазір бұл құжаттар небәрі 20 минуттың ішінде дайын болады. Сондай-ақ, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру қызметі де автоматтандырылды.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Педагог кадрларды жұмысқа қабылдау тәсілі де өзгерді биыл. Жас маман бір тиын да ақша бермей мектеп мұғалімі атана алады. Жалпы білім саласында 34 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның 26-сы электронды түрде жүзеге асуда. Әлеуметтік желілер базасында әкім сұхбатын мыңдаған оқырман тікелей эфирде көріп, сауал жолдады. Қала басшысы шара барсында сыбайлдас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы өзге де жоспраларымен бөлісті.

Г. Қалмырзақызы                                  

Тақырып бойынша материалдар

АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
10:56, 23 қыркүйек 2020
АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
10:54, 23 қыркүйек 2020
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...