ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Мемлекеттік-жекешілік әріптестік бойынша 7 нысан салынады

17:40, 17 шілде 2017

Облысымызда келешекте мемлекеттік-жекешілік әріптестік бойынша жалпы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын 7 нысан бой көтереді. Қазір 2 балабақша мен 500 орындық емхана құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, 11 жобаға конкурс жарияланды. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.

Оның айтуынша, 34 жобаны әкімдіктің бастамасымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асыру жоспарланған. Оның 1-уі  білім, 3-еуі спорт нысаны болады. Байқау қорытындысы тамыздың 4-іне белгілі болады. Заң талаптарына сәйкес, тиісті құжаттары рәсімделген 18 жобаның тізбесі  облыстық мәслихатпен бекітілді.  4 жобаның конкурстық құжаттамалары әзірлену үстінде. Жалпы, түстік өңір республика көлемінде мемлекеттік-жекешілік әріптестігі аясында жобаларды іске асыру бойынша 5-орынға тұрақтады. Осыған орай, өңір басшысы Жансейіт Түймебаев аталған жобаларды іске асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді барлық сала басшылары мен   мәслихат депутаттарына тапсырды. Сондай-ақ, ақпараттық қағаздарды көптеп шығарып, кәсіпкерлерге түрлі салалардағы бірлесіп атқаратын  жобаларды ұсынып отыру қажет», - деді. Өңір басшысы мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамыту мақсатында облысымызда мемлекет тарапынан бөлінетін 95 млрд. теңгенің көлеміндегі жобаларды әзірлеуге шақырды. Бұл ретте әкім балабақшалар мен спорт кешендерін, футбол алаңшалары және отбасылық, студенттік жатақханалардың құрылысын жүргізуге кеңес берді.

АЙЖАН Әшірхан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...