ШҰҒЫЛ! ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

13:10, 4 желтоқсан 2019

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы аналар отбасы табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрін пайдалана алады. Көмектің бұл түріне 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған перзенттері барлар қол жеткізеді. Бала санына және жасы 23-ке дейінгі ЖОО-ның күндізгі бөлімінің студенттері де кіреді. Бұл жайында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент өкілдері мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны -20 370. Бұл азаматшалардың 13857-сі жаңа көмекке автоматты түрде қол жеткізеді. Қалғандары бала санының көбеюіне немесе кәмелет жасынан асуына байланысты қайта құжат тапсырады. Мамандар келер жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақы алатын аналар саны тағы 8000-ға артуы мүмкін дейді.Айта кетейік, бұған дейін аталмыш жәрдемақыға 5 желтоқсанға дейін құжаттар өткізіп үлгеру қажет деген ақпарат жалған, дейді мамандар.

Аманжол Нұрсейітов - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы

Ондай ешқандай шектеу жоқ. Қазір халыққа қызмет көрсету орталығында көпбалалы аналар қаптар отыр.
Жаңа жәрдемақы жүйесіне сәйкес аналар 4 балаға- 42 496, 5 балаға -53 127, 6 балаға-63757, 7 баладан жоғарылар -74 388 теңге алатын болады.  Бұған дейін мемлекетік көмек алмаған азаматшалар ХҚКО-на өтініш бірдіреді. Сондай-ақ, талапқа сәйкес өзімен перзентінің өзімен бірге тұратынын растайтын құжаттары болуы шарт. Жәрдемақыны тағайындау өтініш берген күннен бастап жүргізіледі.

Ержан Ергеш - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған жәрдемақыны көпбалалы аналар алып жатыр.

 Жиындай зейнетақы жасы да сөз болды. 5 және одан да көп баласы бар аналар әдеттегідей 53 жастан бастап зейнетке шығады.. Ал, қалған нәзік жандылар биылдан бастап 59 жаста шықса, жыл сайын тағы 6 ай қосылып отырады. 2027 жылы ерлер мен әйелдер бірдей 63 жастан кейін құрмет демалысына кетеді.

Д.Өмірзақова   

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
19:39, 18 қыркүйек 2020
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
18:28, 18 қыркүйек 2020
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
13:51, 16 қыркүйек 2020
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
15:57, 15 қыркүйек 2020
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...