ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

МӘМС БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБ ТҮРКІСТАНДА

13:51, 10 қаңтар 2020

Қазақстандықтар биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тіс дәрігеріне жеке емханада тісін тегін емдете алады. Одан бөлек тегін дәрі-дәрмекке қол жетімділік арта түспек. Түркістан облысына биыл амбулаториялық тегін дәрі-дәрмектің 400-ге жуық түрі жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров бастаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша өңірлік штабтың көшпелі отырысында айтылды.

Медицина саласындағы жаңашылдықтың жүзеге асуын талқылауға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев қатысты. Жаңа жүйе ауыл медицинасын дамытуға да үлкен қолдау болмақ. Техника жаңартылып, алғашқы санитарлық көмек пен жедел –жәрдем қызметін қаржыландыру артпақ. Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, басты мақсат сапалы медициналық көмек көрсету болуы тиіс. Облыстық медициналық ұйымдар өз кезегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға толығымен дайын.Түркістан облысы халқының 91,6% - ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. 

Ә. Дәулетбекқызы   

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар