ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ БОЛУДЫҢ СЫРЫ

16:57, 15 наурыз 2019

«Бақытты отбасы болудың сыры». Осындай тақырыпта Түлкібас ауданында ашық форматта дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиын келешек ұрпаққа салт-дәстүрімізді ұстана отырып, патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында ұйымдастырылды.

«Тәрбие – тал бесіктен басталады». Ел болашағы – жастардың қолында, ал болашақтың бағдарлы болуында ұлттық тәрбиенің алар орны ерекше. Келер ұрпақтың кемелденіп, әрбір жас үлгілі отбасына айналуы үшін барға - шүкір, жоққа – тәубе етуіміз керек - дейді Гүлбибі әжей.

Гүлбибі Ешенқұлова- Түлкібас аудандық әжелер алқасының төрайымы

Менің отбасыларға айтарым біз дүниеге адам болып келгенімізге қуануымыз керек. сонан соң бізді өсіріп мәпелеген биікке жеткізген ата-анамыздың барына қуануымыз керек. Біздің ұрпақтарымыздың жарқын болашағына қуануымыз керек. Мен ұлдарыммен қыздарыма айтарым ерінбей еңбек етейік.
 

Бүгінгі еркін форматта өткен жиында ардақты аналарымыз тәуелсіздік алған жылдары бастан өткерген қиын кезеңдерді еске алды. Қиыншылықтарға мойымай балаларын көштен қалдырмай оқытып, отбасылы болып, еңбек еткендерін тілге тиек етті.

Гүлхан Жарымбетова- Кәсіпкер

  Біздің қазір ұрпақ тәрбиелеуге заман жайында мағлұматтар беріп бір-бірімізбен еркін тақырыпта пікір алысып отырмыз. Қазіргі заманға қатты риза боламын өйткені мұндай заман біздің кезімізде болған емес.

 Баласының ерсі қылығын мектеп тәрбиесінен көретін  ата –аналарда баршылық.Тәрбие басы тал бесіктен. Сондықтан бала үшін отбасыдағы тәрбие маңызды. Ендеше  ұлттық тәрбиені сақтау арқылы ұлттық кодымыз ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Жиынға келгендер осындай ой түйді.

Ұ.Байниязова                                                                   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...