ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

МӘРТЕБЕСІ БИІК - ҰСТАЗДАР

13:30, 16 қазан 2020

Президент жолдауында білім саласына қатысты нақты тапсырмалар берілген болатын. Оның аясында мұғалім мәртебесін көтеру үшін, арнайы заң қабылданды. Онда «Ұстаз абыройын биіктету, білім сапасын жақсарту, мұғалімдердің жалақысын көтеру» сынды мәселелер қаралды. Биыл жаңа оқу жылында қабылданған жаңа заң аясында атқарылған жұмыстар қандай? Бейнесюжеттен бірге көрейік..

Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп ұжымы Президент Жолдауын  толықтай қолдап, жаңа заңдағы тапсырмаларды орындауға кірісіп кеткен. Бүгінде 62 жоғары білімді ұстаздармен жұмыс жасайтын білім ордасы биылғы оқу жылында жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс істеуде.
Гүлмира Нұсқабаева - Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп директоры
Білім ұясы биылғы жылы дәстүрлі білім беру жүйесі бойынша 374 оқушымен жұмыстарын бастады. Оның ішінде 279 оқушы онлайн-сабаққа көшсе, 95 оқушы дәстүрлі оқу жүйесінде. 123 бала компютермен қамтамасыз етілген. Кешегі күні арнайы планшеттер таратылып, жалпы балалардың қазіргі ахуалға байланысты алаңсыз білім алуына барлық жағдай қарастырылып отыр, дейді – мектеп ұжымы
Гүлжазира Тұрғанбаева – ұстаз3
Жалғас Батырхан - жас маман
Білім ұясында жаңа реформа мен білім беру жүйесіне жаңа өзгерістер енгізу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, елімізді жайлаған пандемияға қарсы барлық шараларда қарастырылған. Сонымен қатар, оқушылардың білім алуына кедергі туғызбайтындай жағдай жасаған.
М. Жорабай                                                                      

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...