ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

МӘСКЕУЛІК ЦИРК –ШЫМКЕНТТЕ

13:52, 26 қазан 2018

Мегаполис тұрғындары мен қонақтарының назарына. Танымал аң үйретуші Мстислав Запашный Шымкентке келді. Мәскеулік цирк ұжымы 2-қарашадан бастап әр демалыс күндері «Ұлы орыс циркі» атты жаңа бағдарламасын ұсынбақ. Шараның ең қызықты өнері, бенгал және уссуриялық жолбарыстардың қатысуымен өтетін аттракцион...

Белгілі аң үйретуші Ресей Федерациясының  Халық әртісі, Мстислав Запашныйдың Шымкентке алғаш рет келуі. Қаламыздың үшінші мегаполис атануына орай, үлкен керуенмен керемет шоу-бағдарламасын алып келіпті.     

Мстислав Запашный  -  Ресей   Халық әртісі

Біз үлкен дайындықпен әрі үлкен бағдарламамен келдік. Шымкент қаласының миллионшы қала атанғанына  мен өте қуаныштымын. Бағдарламамыздың аты «Великий русский цирк» деп аталады. Біз өнердің барлық жанырын көрсетеміз. Яғни окрабатика, гимнастика,аю, жылқы және  жолбарыс та өнер көрсетеді. Келіңіздер,өкінбейсіздер. 

2005 жылы Мәскеуде өткен екінші бүкіләлемдік цирк фестивалінде

аттракцион-спектаклі, гран-при иегері атанды. 2010 жылы наурыз айында Ижевскде өткен  III халықаралық фестивалінде де  алтын жүлдеге қол жеткізген. Өнерімен көпшілікті мойындатқан  әртістерден, жеркілікті цирк ұжымының үйренері  көп. Қаламызға келуінің өзі, үлкен тәжірибе дейді.  

Арман Алиев  - «Шымкент цирк»  мемлекеттік мекемесінің директоры

Біздің циркке биыл 7 жыл толып жатыр. 7 жылдық тарихта мұндай үлкен бағдарлама алғаш рет. Мстислав Запашный өзінің улкен керуені мен келді.Бағдарламасы өте жоғарғы дейгейде. Сондықтан қала тұрғындарын осындай улкен мүмкіндікті жіберіп алмауға шықырамын. Біз өте қуанышытымыз,өйткені біздің ұжымға бұл үлкен тәжрибе береді.  

Ресейлік цирк түрлі жанр бойынша өнер көрсетеді. Көпшілік назарына  акробатикалық трюктер, әуе гимнасттары, сайқымазақтардың номерлері ұсынылады. Ал бенгал және уссуриялық жолбарыстар, бағдарламаның ең қызықты нөмерінің бірі болмақ.  Аталған шоу-бағдарлама қарашаның 2-сінен  желтоқсан айының екісіне  дейін «Шымкент цирк» манежінде көрсетіледі.   

А.БИДАН                             

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...