ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ СОЛТҮСТІК ӨҢІРДІ АРАЛАДЫ

15:06, 13 тамыз 2019

2015 жылдан бері Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан көші-қон бағдарламасы оң нәтиже бере бастады. Мәселен, Түркістан облысынан еліміздің солтүстік өңірге қоныс аударған, Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына 282 адам, яғни 94 отбасы көшіп барыпты. Осы бағдарламаның жүзеге асуына мұрындық болып жүргендердің бірі – облыстық мәслихат депутаты Жаңабай Ағабеков.

Халықты ынталандыру мақсатында облысымызға арнайы өкілдер келіп, солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасын түсіндірген-ді. Бұл 2015 жылдан бері дәстүрлі жүргізілетін шара. Ал бағдарламаға қызығып, қоныс аударуға шешім қабылдаған адам өзі тұратын ауданның жұмыспен қамту орталығына жүгініп, мүмкіндіктермен таныса алады. Ары қарай тиісті мамандар не істеу керектігін түсіндіреді. Осындай насихат жұмыстарынан кейін, қоныс аударуға бел байлап, өмірін түбегейлі өзгерткендердің бірі  - Нұрдәулет Исабеков.

Нұрдәулет Исабеков – қоныс аударушы

Нұрдәулеттің солтүстікке қоныс аударуына түрткі болған тағы бір жағдай бар. Ол Түркістан облыстық мәслихатының депутапты  - Жаңабай Ағабековтың ағалық қамқорлығы.

Жаңабай Ағабеков – Түркістан облыстық Мәслихатының депутаты

Депутат бірнеше жылдан бері солтүстікке барған ағайынның ақылшысы, оңтүстік тұрғындарының насихатшысы болып, жақсы істің басында жүр. Бұл жолы да солтүстіктегі ауылдарды аралап, жерлестерінің жағдайымен жекелеп танысып жүр.

Д.Нахыпбек

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...