ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

МӘЖБҮРЛІ ЕҢБЕККЕ ТАРТЫЛҒАНДАР ҚАЛАҒА ӨЗ ПАЙДАСЫН ТИГІЗУДЕ

12:26, 20 қараша 2020

Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінде жалпы 133 адам есепте тұр. Оның ішінде 46 адам сот үкіміне сәйкес мәжбүрлі еңбекке тартылған. Қазір олар қоғамдық жұмыстарға тартылып, қала тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуда.

Пробация қызметінің мақсаты сотты болған азаматтардың қоғамға бейімделуіне ықпал жасап, көмек көрсету. Бүгінде мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтар қаланы тазалық жұмыстарына атсалысып жатыр. Пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері жұмыстың орындалуын қадағалап отырады.

 

Атабек Исаев – Түркістан облысы ҚАЖ департаментінің Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің басшысы.

 

Кентау қалалық пробация қызметі бөлімі «Кентау тазалық» мекемесімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Жыл басынан бері 20-ға жуық азамат қоғамдық жұмысқа тартылған.

 

Мұратша Түнтеков - «Кентау тазалық» ЖШС-нің басшысының орынбасары

 

Арнайы инспекторлар оларды күнделікті бақылап, жұмысқа келмей қалған жағдайда себебін анықтап отырады.Аяғын шалыс басып, түрмеге тоғытылғандардың бірі Дәурен Каюпов. Күніне 4 сағат жұмыс жасаймын. Қоғамға кішкентай болсада пайдамды тигізгім келеді дейді,- жазасын өтеуші.

 

Дәурен Каюпов – жазасын өтеуші

 

Мәжбүрлі қоғамдық еңбекке тартылғандар қала аумағында орналасқан мекемелердің шөбін шабу, ауласын тазалау сынды қоғамдық жұмысқа жұмылдырылуда. Айта кетейік, пробация қызметінің негізгі міндеті қылмыстың алдын-алу болып табылады.

 

НазкенCкандар   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар