ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА КЕЛДІ

12:41, 13 мамыр 2019

Бәйдібек ауданына іс-сапармен парламент мәжілісінің депутаттары мен «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері келді. Мақсат – «Нұр Отан» партиясының 18-съезінде Елбасы тапсырған міндеттердің атқарылу барысын бағамдау.

Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында Мәжіліс  депутаттары ең әуелі аудан халқының жағдайымен танысып, мемлекеттік қызметкерлермен кездесті. Мектептің құрылыс алаңында болып, жұмысшылардың еңбегіне баға берді. Өндірістік орын ұжымымен кездесіп, жастармен пікір алмасты.

Ерман Мұхтар - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Сондай-ақ, сапар барысында мәжіліс депутаттары ауданның жеке кәсіпкерлерімен де кездесіп, шаруа қожалықтарында болды. Бәйдібек ауданына қарасты, Жамбыл ауылындағы өнімділігі 120 тонна қияр мен қызанақ өндіретін жылыжай кешенімен танысты. Жылыжай 2014 жылы салынып, жұмысын бастады. Түркістан облысы мен Шымкент қаласын, аудан халқын қамтамасыз етіп отыр. Жобаның жалпы құны 47 млн теңге.

 Айша Алдабергенқызы – жеке кәсіпкер

Алдағы жоспарда кәсіпкер жергілікті жұмысшыларды жұмысқа тарып, оларды жоғары технологиялық құрал-жабдықтар тілін меңгеруге жағдай жасамақшы. Өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Осылайша ауданның тыныс-тіршілігін бағамдап, тиісті тапсырма берген халық қалаулылары жоғары бағасын берді.

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...