ШҰҒЫЛ! БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ЖАСӨСПІРІМ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

14:03, 14 қаңтар 2020

Сарыағаш ауданы жылыжай өнімін өдірумен ғана емес, мал шаруашылығы саласын да мықтап қолға алған аймақ. Кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын жандандыруға бағытталған жеңілдіктер мен субсидиялардың арқасында азаматтар өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Сарыағаш ауданына іс-сапармен барды. Мақсат халық тығыз орналасқан өңірдің тыныс-тіршілігімен танысу еді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылындағы «Агротур» шаруа қожалығында болды. Мұнда түркиялық технология қолданылып, түрлі көкөністердің көшеттері өсіріледі. Дән себу жұмысы автоматтандырылған. Шаруа қожалығының басшысы Тұрсын Тасходжаевтың айтуынша, өңірдегі жылыжайлар осында көкөніске алдын-ала тапсырыс береді. 10 адам жұмыспен қамтылған бұл жылыжайда қызанақ та өсіріледі.

Шаруа қожалығының жұмысын жоғары бағалаған депутаттар Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты. Осында кәсіпкерлермен жүздескен заң шығарушы орган өкілдері жуырда қолданысқа енгізілген заңдар еліміздің дамуына оң серпін беретінін жеткізді.

Мансұрхан Махамбетов - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Бізден қазір шаруалар қосымша жер сұрап жатыр. Президент тапсырма берді қазір. Игерусіз жерлерді мемлекетке қайтару мәселесі бойынша.  Қазір ауданда жұмыс жасалып жатыр. Конкурсқа қатысып, суармалы болсын, мал жайылымына арналған жерлерді игеріп, өнімдерін алуға толық мүмкіндіктері бар.

Жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын жандандыру, қолданысқа енгізілген жаңа заң баптары Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылындағы «Фирма Сакен» ЖШС аумағындағы кездесуде де сөз болды. Халық қалаулылары мемлекет тарапынан қолға алынған бастамалар жөнінде пікір алмасты. Бүгінде 600-ге жуық ірі қара мал, 2 мыңнан астам уақ мал асырап отырған «Фирма Сакен» ЖШС 20 адамды жұмыспен қамтыған. Жылына 700 тоннадан астам өнім өндіреді. Облыс тұрғындарын сүт және сүт өнімдерімен қамтуға үлес қосып отырған​ кәсіпорынның аудан экономикасында орны бар.

Ибрахим Досболов -«Фирма Сакен» ЖШС Атқарушы директоры

2015 жылы Украинадан Асыл тұқымды ірі қара тұқымын алдық. Күніне 25 литр сүт алып жатырмыз. Жалпы жұмыс қарқынымыз жақсы. Проблема сол жер мәселесі болып тұр. Депутаттарға айттық, жеткіздік.

Депутаттар Сарыағаш қаласындағы 5 қабатты 13 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. "Нұрлы жер"​ бағдарламасы аясында құрылысы 2018 жылы басталған үйлер биыл пайдалануға беріледі. Сонымен бірге депутаттар "Жібек жолы" кеден бекетінің жұмысын бағамдады. Осылайша, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Түркістан облысы аумағын түгел аралап, жаңа заң баптарын түсіндірумен қатар өңірдегі өзекті проблемаларға да құлақ түрді. Осы іссапарлар барысында анықталған мәселелер ҚР Парламентінде талқыланады деген жоспар бар.

Ә. Дәулетбекқызы   

Тақырып бойынша материалдар

ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН  ҚАПТАЛУДА
16:49, 2 маусым 2020
ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН ҚАПТАЛУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
13:20, 1 маусым 2020
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
Толығырақ...