ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АРЫС ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

16:26, 10 шілде 2019

ҚР Парламенті каникулға шыққанымен, депутаттар демалысқа асықпайды. Бос уақытын пайдаланып, мәжілісмен Нұржан Әлтаев Арысқа келді. Осыған дейін де жарылыс болғанын ести сала, арыстықтардың ахуалымен танысқан депутат, мұқтаждарға біраз көмек көрсеткенін айтқанбыз. Халық қалаулысы осы жолы да тұрғындардың жағдаймен жіті танысып, тілек-назын тыңдау үшін тоғыз жолдың торабына арнайы келіпті.

Осымен Арысқа екінші рет ат басын бұрып отырған Нұржан Әлтаев алдымен жарылыстан зардап шеккен мектеп ғимаратына барды. Ондағы мұғалімдермен кездесіп, жағдайдың анық-қанығына көз жеткізді. Мәжілісмен жергілікті тұрғындарға мектептің тез арада жөндеуден өтуіне күш салатынын жеткізді.Өйткені жаңа оқу жылында оқушылар қамсыз сабаққа баруы тиіс.

Халық қалаулысы азық-түлік қоры сақталған қоймамен танысты. Мұнда әлі де басқа аймақтардан келген көмек қабылдануда. Қазір шамамен 145 тоннадай азық-түлік қоры жинақталып тұр. Депутат  Әлтаев, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен киім кешек кезексіз тартылуы керектігін жеткізді.

Нұржан Әлтаев - ҚР Парламент мәжілісінің депутаты

Сондай-ақ, Нұржан Әлтаев Арыс қаласы, Ерубаев атындағы мектеп ғимаратында орналасқан эвакуациялық орталықтағы халықпен кездесті. Бұл жерде үйі жарамсыз деп табылып, қайта салынатын, үй-жайсыз немесе уақытша барар жері жоқ тұрғындар шоғырланған.

 Айгүл Тұранова  -  Арыс қаласының тұрғыны

 Мәжіліс депутаты  Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі секторға да барды.Мұндақұрылысжұмыстарықарқынды, бірнешеүй пайдалануғадайынтұр.

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...