ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

13:10, 11 шілде 2018

Облыс орталығы атанған Түркістанды... алда ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Өңірдегі қай саланы алсақ та... киелі шаһардың дамуын жеделдету керек. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапархан Омаров... Түркістанға қарасты бірқатар елдімекендерді аралап, тұрғындарымен кездесті. Басқосуда депутат Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мемлекет басшысының ағымдағы жылы қабылдаған маңызды құжаттары туралы сөз етті.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында қадағалау жұмыстары басталып кетті. Мәжіліс депутаты алдымен, аграрлық салаға қатысты мәселелерді екшеді. Биылғы сессияда қабылданған Заңдар мен шарапаты мол мемлекеттік бағдарламалардың бағытын түсіндірді. Руханияттың ордасы Түркістанның одан әрі рухани жаңғыру жолында еңбек етуге шақырды. Осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеу керектігін атап өтті.

Киелі жердің тұрғындары өз кезегінде  депутатқа көкейдегі мазалаған сұрақтарын қойып, шешілуіне ықпал етуді сұрады. Кәсіп ашып, ісін дөңгелеткісі келгендер... несиеге берілетін ақшаның пайыздық көлемі шарықтап тұрғанын айтып, Елбасыға жеткізуін сұрады.

Бұдан бөлек, мәжіліс депутаты ауыл шаруашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Өңірдегі дәнді-дақылдарды өсіретіндерге субсидия не себепті берілмейтінін түсіндірді. Кездесуде көтерілген проблемалардың шешу жолдарын қарастыруға уәде етті.

Мәжілісмен Сапархан Омаров...бұдан бөлек, Түркістан қаласындағы бірқатар көпқабатты үйлерді аралады. Ондағы халықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Шаға ауылдық округінде орналасқан «Ерасыл» шаруа қожалығының жылыжай кешеніне де барды. Заманауи технологияны меңгеру табысты кәсіптің көзі екенін айтты.

М.ӘСЕМБЕК                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...