ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Мәжіліс депутаты - Түркістанда

17:41, 17 шілде 2017

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділдә Жылқышиев та Түркістанға келді. Онда мәжілісмен қалалық мәслихат депутаттарымен және тұрғындармен кездесіп, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мемлекет басшысының ағымдағы жылы қабылдаған маңызды құжаттарын талдады.

Жиынға қатысқандар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын міндеттер жөнінде ойларын ортаға салды. Осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, қолда бар байлығымыздың бағасына жету мәселесін де көтерді.

Ал, қала тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, кей мәселелердің мәніне жетуді сұрады. Айтылған проблемалардың дені жастар тәрбиесі және жақында ғана өзгеріске ұшыраған// ұлттық бірыңғай тестілеу турасында болды.

Жиын барысында қалалық мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Мәжіліс депутаты Байділдә Жылқышиев Түркістандағы сапарын  жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Отырар» шағынауданында аяқтады.

АЙЖАН  Әшірхан                                          

Тақырып бойынша материалдар

БАҚ өкілдері заң қызметкерлерімен жүздесті
01:05, 22 қыркүйек 2017
БАҚ өкілдері заң қызметкерлерімен жүздесті
Толығырақ...
Шымкентте несие серіктестіктерінің халықаралық форумы басталды
00:58, 22 қыркүйек 2017
Шымкентте несие серіктестіктерінің халықаралық форумы бастал...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
16:10, 18 қыркүйек 2017
ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
Толығырақ...
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
21:37, 18 қыркүйек 2017
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
Толығырақ...
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылданып жатыр
15:58, 20 қыркүйек 2017
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылдан...
Толығырақ...