ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА 186 МЛРД. ТЕҢГЕ ЖАРНА АУДАРЫЛҒАН

15:36, 11 шілде 2019

Еліміздің міндетті медициналық сақтандыру қорына 186 млрд. теңге көлемінде жарна аударылған. Оның 5,7 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталып, 2020 жылдан бастап, қордағы көрсетілген қызметтер ақысын төлеуге жұмсалатын болады. Бұл туралы Түркістан қаласындағы баспасөз брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлім етті.

Жаңа үлгідегі жүйе елімізде 2020 жылдан бастап толықтай қолданысқа  енеді. Енді медициналық қызметті екі бағытта  алуға мүмкіндік тумақ. Алғашқысы - кепілдендірілген тегін медициналық көмек. Бұған скринингтік тексерулерден бастап, созылмалы ауруға шалдыққан науқастарды қарау кіреді. Ал екіншісі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті. Мұнда пациент емдік-амбулаториялық көмек алу, салалық дәрігерге қаралудан өзге қымбат операцияларды жасата алады.

Асхат Бейсенбаев - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры

 - 2013 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне 608 млрд теңге бөлінген болса, 2019 жылы бұл қаржы көлемі 972,7 млрд теңгеге жетті. 20202022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2020 жылы медициналық көмекке жұмсалатын қаржы 1 трлн 620 млрд теңге болады. Бұл дегеніміз, биылғы бюджеттен 67% көп. Аталған қаржының 967,7 млрд теңгесі тегін медициналық көмекке, ал 652,8 млрд теңгесі сақтандыру пакеті бойынша қызметтерге жұмсалады.

 Түркістан облысы  бойынша, биыл Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші медициналық ұйымдарға 72 млрд. теңге төленуде. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 9 %-ға артық. Өңірімізде осы санаттағы 74 емхана жұмыс істейді. Оның ішінде 34  жеке меншік клиника. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті.

Асхат Бейсенбаев - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры

Шешуді қажет ететін мәселелердің бірі ол профилактикалық қызметтерді дамыту саласы. Бұл қызметтер емханалар мен дәрігерлерлік   амбулаторияларда көрсетіледі. Ең алдымен осы блоктарғы тарифтерді көтереміз. Себебі, профилактиканың мәні өте зор. Профилактикалық шараларды күшейту, бастапқы медициналық көмекке  қаржыландыру көлемі 40 %-дан 50 %-ға дейін  артады. Емханалық амблаторя лық көмек 30 %ға артады. Жедел жәрдемге 24 %, консультативтік диогностикалық қызметтерге бөлінетін қызметтерге қаржы 5 есеге артады.

Жаңа жүйе бойынша әр азамат емханаға тіркелуі қажет. Мемлекеттік немесе жеке емдеу кешені медициналық сақтандыру қорымен келісімге отыруы шарт.

М.ӘСЕМБЕК                                      

Тақырып бойынша материалдар

«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...
АРЫСТАН  ПАВЛОДАРҒА  ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
12:21, 18 шілде 2019
АРЫСТАН ПАВЛОДАРҒА ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...