ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

МІНДЕТТІ МЕЖЕНІ ОЙДАҒЫДАЙ ОРЫНДАДЫ

12:09, 3 қаңтар 2019

Медициналық мобильді қосымшаға тіркелгендердің саны күн санап артып келеді. Смартфондағы ақпараттық жүйені қолданатындардың басым бөлігі - жүкті әйелдер.

Денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық ақпараттық жүйелер орнатылып, мақсатты индикаторлы межеге қол жетті. Қаладағы емхана мен ауруханалар «Даму мед» және «Жарқын болашақ» компанияларының мобильдік қосымшалары бойынша электронды форматта халыққа қызмет көрсетуді жолға қойған.

Ғалымжан Әбіш – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасары

Шымкент қаласының 36 денсаулық сақтау ұйымдарының 32-сі медициналық ақпараттық жүйе арқылы жұмыс істеп жатыр. Салаға жауаптылардың сөзінше, аптасына 1500-ге жуық азамат мобильді қосымшаны пайдалануға тіркеледі. Смартфонның медициналық қосымшасын пайдаланатындар жүйе жұмысына дән разы. Бұрынғыдан кезек күтіп, жүйке тоздырмайтын халге жеттік деп, қуанады жұрт.

Мәлика Қадырова  - Шымкент қаласының тұрғыны

Мобильдік қосымшамен жұмыс істеу дәрігерлерге де тиімді. Бүгінде шаһардағы барлық медициналық мекемелер ғаламтормен қамтылған. Бұл бағдарлама бойынша науқастар дәрігерді үйлеріне шақыруға да болады. Сондай-ақ, еңбекке жарамсыздық парағын емханаға бармай-ақ ала алады. Тағы бір ерекшелігі, дәрігер берген рецепті осы жерден қарайды. Жүйеде қауіп-қатер батырмасы бар. Ол арқылы белгілі бір санатқа жататын 5 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерден шұғыл шақыртулар қабылданады. Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша барлық зертханалық зерттеулердің қорытындысын, лабораторияның нәтижелерін өруге мүмкіндік бар.

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ                                  

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...