ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

МИНИ МИСС және МИСТЕР ШЫМКЕНТ- 2019

18:22, 12 маусым 2019

Мини Мисс және Мистер Шымкент сұлулық және таланттар байқауының жеңімпаздары анықталды. Миллиондар қаласында алғаш рет ұйымдастырылған шараға 30 үміткер қатысып, өзара бақ сынады. Балалар шығармашылығын дәріптеуді мақсат тұтқан додада жеңімпаздар шетелге саяхаттауға мүмкіндік алды.

Мини Мисс және Мистер Шымкент сұлулық және таланттар байқауы. Бұл балалардың қарым-қабілетін ашып, дарынын дамыту мақсатында ұйымдастырылған дода. Оған өрендер жас мөлшері бойынша екі топқа бөлініп, өзара бақ сынасты.

Балжанат  Анас –әділқазы алқасының мүшесі

Жанель Мусаева – байқауға қатысушы

Жарыста ән айттым. Көңіл күйім тамаша. Осындай байқауға қатысуға мүмкіндік берген анама алғысым шексіз. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін.

 Сұлулар байқауы 4 кезеңнен тұрды. Алдымен өздерін таныстырып, ерекше қабілеттерімен бөлісті. Сахнада түрлі киіммен дефиле жасап, бар өнерлерін ортаға салды. Шығармашылық қырын танытты. Әділқазылар алқасының сұрақтарына жауап беріп, білімдерін дәлелдеді. Өз кезегінде кішкентай арулар жарыстағы толғаныстарын жасырмады.

 Наз Ағатаева – байқауға қатысушы

Мені қолдап, демеп келген ата-анама, туған туыстарыма алғысым шексіз. Байқауда бар өнерімді көрсеттім деп ойлаймын. Жарыс маған өте қатты ұнады.

Әдемі Ілиясова – байқауға қатысушы

Мен Шымкент қаласындағы №8 мектеп гимназиясының 9-сыныбын бітірдім. Бұндай жарысқа алғаш рет қатыстым. Дегенмен байқауға дейін арнайы модельді агенттікке  барып тәжірибе жинадым. Сайыс ұнады. Керемет әсер алдым.

 Сонымен «Turan models» модельдік агенттігі ұйытқы болған сайыстың 5 жасқа дейінгі жеңімпаздары Адель Шәріпбек пен Давид Кәрімбай. Ал Мини Мисс 2019 Алуа Шертаева болса Қайрат Әбдікерім Мистер Шымкент атанды. Енді олар Мәскеу, Ташкент қалаларымен қатар Грузияға саяхат жасайды.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                                            

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
18:35, 14 маусым 2019
ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...