ШҰҒЫЛ! МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ. Толығырақ

МИНИСТР ТАЛАБЫ: ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

21:05, 18 шілде 2019

Білім сапасын арттырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы дайындалып жатыр. Педагогтардың мәртебесін арттыру туралы Заң жобасы да талқылануда. «Ең өзектісі, ашықтық пен сыбайлас жемқорлықтан ада орта қалыптастыру. Біздің елдің білім беру жүйесі әділетті болуға міндетті». Бүгін Шымкентке сапарлап келген еліміздің бас ұстазы Асхат Аймағамбетов осылай деді.

Білім және ғылым министрі әуелі М. Әуезов атындағы ОҚМУ–не келіп, білім ордасының жай-жапсарымен танысты. Қазір оқу ордасында студенттерді оқуға қабылдау комиссияларының жұмысы қызған. Ведомство басшысы осы бағыттағы бірқатар іске көз жеткізді. Цифрландыру саясатының жүзеге асу барысын бағамдады.

Қанат Базаров – Көкшетау мемлекеттік университетінің өкілі

–Біздің университетке 480 грант беріп отыр. Көкшетауға. Бүгін 150 бала тапсырды. Былтыр 400 бала келді.

Бұдан соң, елордалық қонақ білім ордасының материалдық техникалық базасындағы жағдайлармен танысты. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейінгі  университет көркіне көңіл сүйіндірді. Жас ғалымдар заманауи техникалар дәуіріне ілесіп еңбек етіп келеді. Айталық, университет ұжымы Қазығұрт ауданындағы индустриялық аймақтан қос бірдей құрылыс зауытын салды. Қазір өндіріс орындарынан шыққан өнімдерге сұраныс жоғары. Ал, ауылшаруашылығы саласының ұстаздары шәкірттерді шаруашылыққа икемдеп келеді.

 Бердияр Қалымбетов – техника ғылымдарының кандидаты

Біз ауылшарушылығы өнімдерін өнгдіру бойынша грант ұтып алдық минстрліктен. Осы бойыншща екі жылдан бері Келес ауданында жұмыс істеп жатырмыз...

Сапар барысында министр еңбек ұжымымен кездесті.Жаңа басшының талабы қатал. «Білім сапасын арттырудың жаңа бағдарламасы даярланып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген азаматтарға аяушылық жоқ»,- деді министр өз сөзінде.

Асхат Аймағамбетов – ҚР Білім және ғылым министрі

– Басты мәселе бүгінгі күні бізге оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту. Екіншіден біздің ұстаздарымыздың потенциалын көтеруіміз керек. Оларды қайта даярлау курстарына жіберу керек. Жаңаша сұрақ беруге үйретуіміз керек. Бұл мәселеде көп жұмыс жасауымыз қажет.

Шымкентке жасаған сапары аясында министр көпбалалы аналар бұйымтайына да құлақ түрді. Биыл көпбалалы отбасылар үшін мемлекеттен қосымша 5000 грант бөлініп отыр.

 Г. Қалмырзақызы                           

Тақырып бойынша материалдар

ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНДІ
18:10, 21 қаңтар 2020
ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
18:08, 21 қаңтар 2020
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...