ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

МОНОҚАЛАДА ҚЫЛМЫС КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН

13:05, 4 желтоқсан 2018

Қылмыс жазасыз қалмайды.Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 2013-ші жылдан бері ұстатпай жұрген қылмыстық топты құрықтады. Сонымен қатар 2015-ші жылдан бері 75 ұрлық дерегіне қатысы бар күдікті қылмысын мойндады. Тақырыпты тілші тарқатып айтады.

Моноқалада шаң басып қалған қылмыстық деректер дәптері биыл қайта ашылды.  75 қылмыстық оқиға қайтадан қаралып айыптылар анықталды.  Ал бөлімдегі  ауыр қылмыстың ең көнесі 2013-ші жылы орын алған  Кентаудағы қарақшылық шабуыл болатын. Биыл сол қылмысқа  қатысы бар күдіктілер құрықталды.

Ерлан Тасболатов – Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы

Папка 44 12 Кентау қаласының Т есімді тұрғынының үйіне 2013-ші жылдың қаңтар айнда белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жасаған. Қарақшылар қылмыс оқиғасынан ізін суытып осы уақытқа дейін ұстатпай келген. Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жүйелі жұмыстарының арқасында Шымкент Кентау Түркістан қалаларының тұрғындарынан құралған қылмыстық топ құрықталды.

Жыл басынан бері моноқаладағы жалпы қылмыс 10 пайызға төмендеген. 2017-ші жылы 467 қылмыс оқағасы тіркелсе биылғы  көрсеткіш  419 деректі құрап отыр. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстар біршама көбейгенмен олардың ашылымы жоғары –дейді полиция бөлімінің бастығы.

Ерлан Тасболатов – Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы

Папка 44 09 Басымдыққа ауыр және аса ауыр қылмыстарына береміз. Сондықтан биыл бұл қылмыс түрлерінің ашылымы жоғары . ауыр қылмыс 93 пайз аса ауыр қылмыстар 87 пайызды құрайды.

Кентау қаласының өзінде 67 мың тұрғын бар. Ал қала еншісіндегі 4 ауыл округін қоса алғанда халық саны 95 мыңнан асады.  Түркістан қаласы облыс орталығына айналуына байланысты көне шаһар маңындағы 12 ауыл округі 101 мың тұрғынымен  Кентау қаасының қарамағына өтті.Мұндағы 152 полиция қызметкері алдағы уақытта да 200 мыңнан астам тұрғыны бар ірі аймақта қылмыстың алдын алып онымен күресті жалғастыра береміз –деп отыр.

К. ДҮЙСЕНБІ    

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
20:21, 24 мамыр 2019
ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...