ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

МОНША МА, ӘЛДЕ МЕКТЕП ПЕ?

21:37, 4 қыркүйек 2019

"Нұрсәт" шағынауданындағы №80 мектеп лицейі бала саны шектен тыс көп. Сондықтан мектепке сыймай отыр.Орын жетпегендіктен бұрынғы моншада бала оқытуға көшкен. Бұл әрине талапқа сай келмейді. Алайда ата-аналар балаларын басқа мектепке ауыстыруға үзілді кесілді қарсы. Толығырақ Рабиға Бақытжанқызы айтып берсін.

22 тамыз. кезекті тамыз кеңесінде «жаңа оқу жылына толық дайынбыз» деген айгүл текебаева №80 мектеп-лицейіндегі орын тапшылығын ескермеген сыңайлы. алайда, қалада үш ауысымда білім беретін 19 мектеп барын жасырмап еді. енді міне орынның жетіспеуінен оқушылар бұрын монша болған ғимаратта оқуға мәжбүр болыпты. оның себебін бас ұстаз былай түсіндірді.

 Айгүл Текебаева – шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы

-Кәсіпкер қосымша құрылысты аяқтауы тиіс еді. алайда, ол уәде орындалмай тұр.

аталған мәселеге байланысты шұғыл жиналыс өткізген «нұр отан» партиясы шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары мұны үлкен қателікке балады.

 Бахадыр Нарымбетов — «Nur Otan» партиясы шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

-Бұл білім басқармасының кемшілігі, қатедігі деп ойлаймын. бірінші кезекте біз оқушылардың қауіпсіздігін ескеруіміз керек еді. олар бір күнде сабақтан қалмауы керек.

моншаның иесі мен мектеп, білім басқармасы арасында үш жақты жазбаша келісім болған. дегенмен, тамыздың соңында 2 қабатты ғимараттың құрылысы аяқталмауынан осы дау туындап отыр. ал, санитарлық қадағалаушы орган бұл мәселеге өзінің қатысы жоқтығын, қажет десеңіз білім басқармасын сотқа беретін ашық айтты.

 Әбдіманап Төлебаев - Шымкент қалалық  қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы

-Сэстен ешқандай рұқсат жоқ. керек десеңіз сіздер заңдыбұзып отырсыздар. 1200 орынға лайықталған жерге 4500 баланы оқыту заңдылық па? мен сіздерді құқық қорғау органдарына беремін. 

 1200 орынға лайықталған білім ошағында қазір 4500 оқушы 3 кезеңде білім алып жатыр. ата-аналардың бір бөлігі перзенттері кезінде қоғамдық жуыну орны болған ғимаратта оқығанына ашулы, ал енді бірі басқа мектепке балаларымызды жібермейміз,құрылыс болса да 80 мектепте оқимыз деп  райынан қайтар емес.

 Ләззат Каримова – ата-ана

- "Мен мәселен, осы мектептің тура түбінде тұрамын. мекенжайым бойынша балаларым осы мектепте білім алуы қажет.

 Индира Өтегенова – ата-ана

-Құстың ұясын бұзба деген. балаллардың басқа мектепке барып оқуына қарсымыз. осы №80 мектепке оқиды.  

сала мамандары ақылдаса келе №80 мектептің 700 оқушысын 132 мектепке уақытша ауыстыруды шешті. балаларға ыңғайлы болуы үшін, ұстаздарын да ауыстыру жайы шешілмек. құрылыс жұмыстары аяқталғанша оқушыларды мектепке автобуспен таситын болады. ал, келешекте мектеп жанынан қосымша ғимарат салу жайы да көтерілді. балалардың жас ерекшелігін ескере келе 132 мектепке тек жоғары сыныптың оқушылары ғана баратын болып шешілді. ал, «нұр отан» партиясы осы мәселенің оңды шешілуіне жауапты болмақ.

Р.Бақытжанқызы                                           

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар