ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     

19:53, 1 маусым 2020

Түркістан облысының мектеп мұғалімдері «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында қағазбастылықтан арылып, кәсіптік міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тартылмайды. Егер де ондай жағдай орын алса, мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту қағидаттары қарастырылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Бақытжан Мұхамеджанов мәлімдеді

«Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері оқу жылында 4 құжат дайындайтын болса, қазір күнделікті екі құжатты ғана жүргізеді. Егер мұғалім тәлімгер болса, оқу жылы басында жас маманмен жұмыс жоспарын дайындайды. Бұйрық бойынша сынып журналы орта білім беру ұйымының сынып журналы электрондық жүйеге қосылған жағдайда тек электрондық форматта толтырылады. Кейбір білім беру ұйымдарында электрондық журналмен қоса қағаз түрінде де жүргізіледі. Аталған бұйрық ұстаздарды артық қағазбастылықтан босатып, тікелей қызметтік міндеттерімен айналысуға мүмкіндік береді, яғни білім сапасын көтеруді, балалармен жеке жұмыс жүргізуді жоғары деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді департамент басшысы.
Бақытжан Мұхамеджанов - Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры
Мұғалімдерден тізімге енгізілмеген құжаттарды сұрату - «Педагог мәртебесі туралы» Заңының талаптарын бұзуға әкеліп соғады. Талап етуші адамға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексімен жауапкершілікке тартылады.Мұғалімдердің кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту немесе есеп талап ету фактілері бойынша арыз түскен жағдайда әкімшілік іс қозғайды. Құқықбұзушылыққа қатысты тексеру жүргізеді. Айта кетерлігі,  осындай дерек орын алған бірнеше мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланған.  «Педагог мәртебесі туралы» Заңда ұстаздардың еңбек демалысын 42 күннен 56 күнге ұзарту көзделген. Сондай-ақ,  биыл жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 53 864 грант бөлінген. Ғылыми-педагогикалық магистратура бағытына 12915, бейіндімагистратураға 710 және PhD докторларын даярлауға жалпы 2 355 грант бөлінген.
М. Жорабай                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...