ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

МҰҒАЛІМДЕР МӘРТЕБЕСІ БИІКТЕЙДІ

13:46, 11 қазан 2018

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 23-ші жолдауын Сарыағаштық тұрғындар да тікелей әфирде тамашалады. Маңызды құжаттың мәнін түсініп қана қоймай, қолдайтындықтарын жеткізді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлері, орталық кітапхана мамандары, жолдауда айтылған бағыттарға өз ойларын білдірді.

Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты, Елбасының  жолдауы ел арасында өте үлкен қолдауға ие болды.  Бұл жолдауда тәуелсіз ел болып, шаңырақ көтергелі жеткен толағай жетістіктеріміз қысқа баяндала келе, алдағы мақсат мұрат, жоспарлар жиынтығы тізбектелген.

Қалбибі Күлгінова - Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры

Халық табысының өсуі,  бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының іске қосылуы,  Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру жайы жолдауда тыс қалмады.  

Ұлболсын Қасымова - Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Құжаттарды жинақтау және өңдеу» бөлімінің  меңгерушісі

Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту.  Мұғалімнің мәртебесін көтеру, оларды тиісті емес жұмыстардан босату жайын Елбасы ерекше атап өтті. Ал келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігн тапсырды. Осылайша, Мемлекет басшысының дәстүрлі жолдауы, көпшіліктің ыстық ықыласы, қолдауына ие болды.   

А.БИДАН                  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...