ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ Толығырақ

МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

12:30, 11 шілде 2018

Мұқтаж жандарға көмек. Облыстық кәсіподақ орталығы... әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Мұндай әлеуметтік қолдау 100 адамға, яғни 20 отбасыға көрсетілді.

Акцияның мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмыстық жағдайына қолдау көрсету. Себебі, қай кезде болмасын, қайырымдылық танытып, көмек қолын созу - сауапты іс. Бұл жолғы акция Астананың 20 жылдығына арналған. Келесі жолы қолдауға мұқтаж басқа да отбасыларды қамтуға тырысамыз, – дейді  облыстық кәсіподақ төрағасы Берік Бекжанов.

Айта кетейік, облыстық кәсіподақ жанында әлеуметтік орталық жұмыс істейді. Қазіргі таңға дейін бұл ұйым 1000-ға жуық адамға әлеуметтік көмек көрсеткен. Олардың арасында көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар бар. Қысылғанда қол ұшын созған мекемеге тарту алғандар дән разы.

Бүгін бұл отбасыларға күнделікті қажетті азық-түлік тарту етілді.  Арнайы себетте ұн, күнбағыс майы, макарон, қарақұмық жармасы, шәй және басқа да өнімдер бар.   Тартудың  жалпы салмағы 400 келі шамасында.

К. ДҮЙСЕНБІ

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКИЯЛЫҚ  КОМПАНИЯ  200 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖЫЛЫЖАЙ САЛМАҚ
17:37, 21 қыркүйек 2018
ТҮРКИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ 200 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖЫЛЫЖАЙ САЛМАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
18:17, 18 қыркүйек 2018
ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 19 қыркүйек 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
14:10, 17 қыркүйек 2018
«MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...