ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК КҮТІП ТҰР

17:27, 10 қыркүйек 2019

«Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс». ҚР Президенті Қ.Тоқаев халыққа арнаған жолдауында осылай деп, министрлікке нақты тапсырмалар берген болатын. Президент жүктеген міндетке сәйкес, енді еліміздің барлық аймағында оңалту орталықтарының саны артады. 3 жыл ішінде Үкімет осы мақсатта 58 млрд. теңге бөледі. Осы орайда «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов мүмкіндігі шектеулі жандармен жиын өткізіп, мұң-мұқтажын тыңдады.

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, елімізде 80 000-нан аса мүмкіндігі  шектеулі бала бар. Оның 16 000-ы Шымкент қаласында тұрады. Ал, мегаполис бойынша оңалту орталықтарының саны 2-еу ақ. Талапқа сәйкес, емдеу мекемесіне жарымжан балалар аптасына 2-3 рет бару керек. Алайда, орталықтың тапшылығынан мұндай мүмкіндік тек жұмасына бір рет қана бұйырады.

 БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ – «NUR OТАN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Болашақ ақпараттық оңалту орталығы мүмкіндігі шектеулі 65 балаға қызмет көрсетеді. Мекеме психо-невралогиялық, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуға ат салысады. Алайда, мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы қолбайлау болуда.

ЖАНЕТТА  ЖАЗЫҚБАЕВА – «БОЛАШАҚ» АҚПАРАТТЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Түркістан мен Шымкент әкімшілік тұрғыда бөлінгенімен, бауырмалдығы берік. Сол себепті де, түркістандық жарымжан жандар Шымкенттегі оңалту орталығына келеді. Дегенмен, Президент жарлығына сәйкес Түркістан облысында да балаларды оңалту орталықтары ашылса нұр сүтіне нұр болмақ.

Д. Өмірзақова                                                                                              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар